24.04.2008, 18:12 3711

ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру жүйесінің сапасын көтерудің үш жылдық стратегиялық жоспарын жасады

ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру жүйесінің сапасын көтерудің үш жылдық стратегиялық жоспарын жасады

Астана. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру жүйесінің сапасын көтерудің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жасады. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Министрлік білім беру жүйесінің сапасын көтерудің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жасады. Оның басты мақсаты - жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық ұлт қалыптастыру", - деді Ж. Түймебаев.

Министрдің түсіндіруінше, бұл стратегия аясында "министрлік білім беру саласын барлық деңгейлерде қаржыландыру жүйесінің тиімділігін көтеруге бағытталған бірқатар шараларды ұсынуда". "Мәселен, жергілікті бюджеттердің орта білімге арнайтын ағымдағы шығындарының есебі өңірлік коэффицентті ескере отырып, жан басын қаржыландыру принципіне негізделетін болады", -деді ол.

Ж. Түймебаевтың айтуынша, орта білімге қол жеткізу мүмкіндігі мен сапасын аймақтар арасында теңестіру үшін инвестициялық жобаларға арналған қаржы республикалық бюджеттің қаржысы есебінен жоспарланады.

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, жоспар аясында техникалық және қызмет көрсетуші мамандар мен жұмысшыларды дайындауды грант жүйесімен қаржыландыруға көшу көзделген.

Ж. Түймебаевтың атап көрсетуінше, стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы бөлу қажет. "Олар педагогикалық мамандардың жалақысының көлемін республикалық орташа жалақы деңгейіне жеткізу, 20 инновациялық мектеп құру, оқыту телевидениесін дамыту, "Мектеп автобусы" бағдарламасын жүзеге асыру және басқа да шаралар үшін қажет", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны