05.04.2007, 15:20 3341

ҚР білім және ғылым министрлігі Малайзияның "StemLife Sdn. Bhd." компаниясымен ынтымақтастық және биотехнологиялар трансферті туралы меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр

АСТАНА. 5-сәуір. Kazakhstan Today. ҚР білім және ғылым министрлігі Малайзияның "StemLife Sdn. Bhd." компаниясымен ынтымақтастық және биотехнологиялар трансферті туралы меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы еліміздің білім және ғылым министрлігі Малайзияның ғылым, технологиялар мен инновациялар министрі Джамулдин Джардие мен ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың кездесуі барысында таратқан баспасөз баянында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз биотехнологиялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоюды жоспарлап отырмыз, ал сәуірдің екінші онкүндігінде Малайзиялық биотехнологтар елімізге келеді",- деді Ж.Түймебаев. Осыған байланысты оның айтуынша, биыл ҚР ұлттық биотехнологиялар орталығының директоры Малайзияда болып, "биотехнологиялық компаниялар мен ғылыми ұйымдардың ғылым мен инновацияларды әкімшілік басқару тәжірибесімен танысып қайтты".

Ж.Түймебаевтың айтуынша, "Қазақстан үшін Малайзияның ғылыми және технологиялық даму тәжірибесі қызығушылық тудырады". "Сол себепті де Қазақстан өзінің студенттерін Малайзияға жіберіп жатыр",- деді ол. Білім министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазір Малайзияда "Болашақ" бағдарламасы бойынша қазақстандық 19 студент оқып жатыр, ал биыл малайзиялық жоғары оқу орындарына тағы да 81 стипендиат жолданады.

"Былтыр 1500-ден астам студент Малайзияға оқуға беруға ниет білдірді. Тіпті Еуропаның кейбір елдеріне баруға тілек білдіргендер саны бұдан аз",- деді Ж.Түймебаев. "Біз сонымен қатар Малайзияның ғылым мен техника саласында маман дайындау тәжірибесі мен ғалымдарды қолдау және ынталандыру тәжірибесіне қызығушылық танытып отырмыз",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны