14.08.2008, 19:08 2978

ҚР Білім және ғылым министрлігі "Мектепке барар жол" атты республикалық акция өткізеді

ҚР Білім және ғылым министрлігі "Мектепке барар жол" атты республикалық акция өткізеді

Астана. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Білім және ғылым министрлігі 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында "Мектепке барар жол" республикалық акциясын өткізеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Акция оқу жылының басталуына дайындық кезінде аз қамтылған отбасылардағы оқушыларға қолдау көрсету және 1 қыркүйекте балалардың әлеуметтік себептерге байланысты мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр", - деп көрсетілген бүгін жарияланған баспасөз баянында.

Шара барысында білім беру органдары мен тиісті әлеуметтік қызметтер әрбір елді мекенде күрделі топқа жататын балаларды анықтау бойынша рейд өткізеді. Сабақ уақытында үздіксіз қыдыратын, қараусыз қалған, аз қамтылған отбасылар мен мигранттардың, сондай-ақ, жүйелі түрде сабақтан қашқақтайтын балаларды іздеп табады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны