25.10.2011, 10:55 4513

ҚР білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

" Шаяхметов Саят Болатұлын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне тағайындадым", - деп жазды К.Мәсімов Twitter-ге.

Астана. 25-қазан. Kazakhstan Today - ҚР білім және ғылым вице-министрі тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

" Шаяхметов Саят Болатұлын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне тағайындадым", - деп жазды К.Мәсімов Twitter-ге.

Саят Шаяхметов бұған дейін Білім және ғылым министрлігінде түрлі лауазымдар атқарған. 1999 жылдан бастап - министрліктің экономика және қаржы департаментінде жетекші маман, 2000 жылдың мамыр-қазан айларында - бас маман, 2001 жылдың қаңтар айынан бастап - мемлекеттік сатып алулар және меншік бөлімінің басшысы болған. 2002 жылдан бастап - ведомствоның Бюджет, жоспарлау және қаржы департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

2005 жылдың қыркүйек айынан бастап - "Қаржы орталығы" АҚ-ын басқарса, 2010 жылдың қараша айынан бері - Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болып келген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны