21.05.2008, 19:29 3138

ҚР дәрі- дәрмек жеткізу тендеріне 200 -ден аса компания қатыса алады

ҚР дәрі- дәрмек жеткізу тендеріне 200 -ден аса компания қатыса алады

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда тұтынушыларға дәрі-дәрмектерді жеткізетін бірыңғай операторды анықтайтын тендерге 200- ден аса дистрибьютерлік компания қатыса алады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстан Фарммединдустрия" қауымдастығының президенті Серік Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

" Қазақстанда бұл тендерге қатыса алатын 200 ден аса дистрибьютерлік компания бар", - деді С. Сұлтанов.

Ол атап өткеніндей, компанияларға қойылып отырған талаптардың ең бастысы- "Қазақстан аумағында қойма нысандарының болуы тиіс екендігі".

"Бірыңғай оператор таңдалғанымен, ол жеке дәрі -дәрмектерді жеткізеді дегенді білдірмейді. Ол конкурстарды ұйымдастыру функцияларын орындап, дәрі- дәрмектердің тасымалы мен логистикасына жауап беретін болады ", - деп түсіндірді С. Сұлтанов.

Оның сөздері бойынша, енгізіліп отырған жаңа бастама медициналық мекеме қызметкерлерін оларға лайықты емес жұмыстан босатып, ем-дом жасау процессінің сапасын көтеретін болады.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов кеше өткен үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мемлекеттік жеке серіктестік негізінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына дәрі-дәрмектерді бірыңғай жүйесімен бөлу жобасын қолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны