11.01.2010, 15:17 3125

ҚР Денсаулық сақтау министрі балалардың С гепатитін жұқтыруына қатысты тексерулерді қайта жандандыру қажет емес деп санайды

ҚР Денсаулық сақтау министрі балалардың С гепатитін жұқтыруына қатысты тексерулерді қайта жандандыру қажет емес деп санайды

Астана. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрі балалардың С гепатитін жұқтыруына қатысты тексерулерді қайта жандандыру қажет емес деп санайды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

" Лейкемиямен ауыратын балалардың С гепатитін жұқтырып алу себебін анықтау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен құрылған комиссия жуырда өз жұмысын аяқтайды, аз ғана жұмыстар қалды. Соның қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізіліп, ауру жұқтырып алған әрбір науқасқа жан-жақты түсініктеме береді", - деді Ж. Досқалиев, осы орайда ол "С гепатиті аса қатерлі жұқпалы дерт емес, сол себепті, асықтырып-аптықтырып, тексеруді тезірек аяқтауға асықтыру дұрыс емес", деді.

Министр сондай-ақ комиссияның қазір "ауруды жұқтыру оқиғасы қайдан бастау алғанын зерттеп жатқанын, сол арқылы түпкі себепті жою көзделіп отырғанын" атап өтті.

Республикалық қан орталығының директоры Алик Ысқақовтың С гепатиті ауа арқылы жұғады деген сөзіне қатысты берген түсініктемесінде Ж. Досқалиев: "ол мүмкін, байқамай мүлт айтып қалған шығар", деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны