02.06.2009, 17:32 2655

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2010 жылдан бастап бедеу отбасыларға ақысыз көмек көрсете бастайды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2010 жылдан бастап бедеу отбасыларға ақысыз көмек көрсете бастайды

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2010 жылдан бастап экстракорпоралдық ұрықтандыруды ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне қамтуды жоспарлауда. Бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің стратегия және денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Арман Айдарханов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Экстракорпоралдық ұрықтандыру мәселесі көп жылдан бері шешімін таппай келеді. Бір өкінерлігі, әлемдің көптеген елдеріндегі сияқты Қазақстанда да бедеу отбасылар белгілі бір үлеске ие", - деді А. Айдарханов.

Оның айтуынша, Қазақстанда 15 мың отбасы түрлі себептермен балалы бола алмауда, "бірақ бұл барлық 15 мың жұп Экстракорпоралдық ұрықтандыру технологиясына қамтылады дегенді білдірмейді", деді А. Айдарханов. Оның айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2010 жылдан бастап экстракорпоралдық ұрықтандыруды ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне қамтуды жоспарлауда.

"Бастапқыда 2010 жылдан бастап 2100-ге жуық әдістемені Экстракорпоралдық ұрықтандыру бағдарламасы бойынша ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне қамту жоспарлануда. Орта есеппен алғанда бір әйелге осындай технологияның 2 - 3 әдістемесі қажет, тиісінше 700 әйелге осындай көмек көрсетіледі деген сөз", - деді министрлік өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны