09.02.2010, 15:05 4575

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі энергетикалық сусындардың зиянына қатысты қорытындыны бір айда береді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі энергетикалық сусындардың зиянына қатысты қорытындыны бір айда береді

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі энергетикалық сусындардың зияны туралы қорытындыны бір айда береді. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысының қорытындысы бойынша журналистер сауалына жауап берген ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Тексеру басталды, біз депутаттық сауалды алдық, процедура бойынша біз оған бір айда жауап береміз", - деді Ж. Досқалиев.

Оның хабарлауынша, бұған қоса "энергетикалық сусындарда іс жүзінде адамның бауырына ақау келтіретін және адамның ағзасына зиянды заттар бар ма деген тұрғыда бірқатар сараптамалар тағайындалған".

"Егер шөп қоспалар секілді қандайбір проблемасы болса, сондай-ақ, адамның денсаулығына әсерін тигізетін заттар табылса, біз оларға тыйым салатын боламыз", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны