16.04.2010, 16:38 5570

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі келесі жылы ЭКО-ға бөлінетін квота көлемін ұлғайтуды жоспарлауда

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі келесі жылы ЭКО-ға бөлінетін квота көлемін ұлғайтуды жоспарлауда

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі келесі жылы ЭКО-ға (экстракорпоралдық ұрықтандыруға) бөлінетін квота көлемін ұлғайтуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін "Қазақстандағы экстракорпоралдық ұрықтандыруға 15 жыл" атты үшінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік мерейтойлық конференция барысында медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Қуаныш Нұрғазин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Биыл да экстракорпоралдық ұрықтандыруға белгілі мөлшерде квота бөлінді, қазір министрлік 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны дайындап қойды, енді оны үкіметке енгізіп, қорғайтын боламыз. Онда квота саны бірнеше есе өсірілген", - деді Қ. Нұрғазин.

Оның айтынша, "мемлекет бұған баса назар аударатын болады және әсіресе мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі шеңберінде жәрдемдесетін болады".

Өз кезегінде Адам репродукциясы институтының директоры Салтанат Байқошқарованың хабарлауынша, "Қазақстандағы бедеулік проблемасы әлемдегі деңгеймен бірдей".

"Ерлі-зайыпты жұптардың 15 - 20%-ы ұрықсыздық проблемасына тап болып жатады, олардың кейбірі бастапқы ұрықсыздыққа, кейбіреулері екінші ұрықсыздыққа душар болғандар, бір баласы барлар, немесе, түсік жасатқандар, басқа балалары жоқтар", - деді ол.

Салтанат Байқошқарованың айтуынша, "бұл проблема бүкіл дүниежүзінде бірдей, өйткені қазір әлем араласып-құраласты, жаһандық, экологиялық, өміріміздің химиялануы, табиғаттан алшақтау проблемалары баршаға ортақ, осының бәрі айналып келгенде ұрықсыздыққа алып келуде".

"Ұрықсыздық пен оның диагностикасы - дүниежүзіндегі өткір мәселелердің бірі, және технология да дамып келеді, озық әрі сепінді технологиялар пайда болуда, олар ұрықсыздық проблемасына деген көзқарасты түбегейлі өзгертуге мүмкіндік беруде", - деді ол.

Салтанат Байқошқарованың айтуынша, "Қазақстанда экстракорпоралдық ұрықтандыру бағдарламасының құны - әлемдегі ең төменге саналады". "Ол небәрі 150 - 190 мың теңгеге тең, оған қоса гормондық препараттармен стимуляциялауға 100-ден 200 мың теңгеге дейін жұмсалады. Оған бір талпынысқа 2 - 3 мың доллар жұмсалады", - деді ол.

"Жалпы алғанда Қазақстанда экстракорпоралдық ұрықтандыру тәсілі 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 8 зертхана бар, қазіргі жағдаймен 5 мыңдай бала осы тәсілмен дүниеге келді, бұл - жаман көрсеткіш емес", - деді С. Байқошқарова.

Сонымен бірге, оның айтуынша, "бұл мәселе бойынша табысқа жету проценті бір талпыныста 20 - 40% құрайды, ол әйелдің жасына, ахуалға, бедеулік мерзіміне, ағзаның барлық дербес физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты". "Сол себепті әйел бұл технологияларға ертерек жүгінген сайын нәтижесі жоғары болмақ, ал әйелдің жасы ұлғайған сайын оның нәтижесі азая түседі, сондықтан бәрін дер кезінде істеу керек", - деді С. Байқошқарова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны