22.12.2009, 18:47 3328

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі лейкемиямен ауыратын балалардың С гепатитін жұқтыру себептерін анықтау жөнінде комиссия құрды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі лейкемиямен ауыратын балалардың С гепатитін жұқтыру себептерін анықтау жөнінде комиссия құрды

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі лейкемиямен ауыратын балалардың С гепатитін жұқтыру себептерін анықтау жөнінде комиссия құрды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысының қорытындысы бойынша журналистер сауалына жауап берген Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Лейкемиямен ауыратын балалардың қан ауыстырып құю кезінде С гепатитін жұқтыру деректері жөніндегі журналист сауалына жауап берген Ж. Досқалиев: "қазір ол бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр, бірақ ауру жұқтырған балалардың аналары айтып отырған 150 оқиға дегені шындық болуы мүмкін емес",- деді.

"Қазір біз бәрін мұқият тексеріп жатырмыз. Донорлар бойынша біздің елімізде 2003 жылдан бері ауыстырылып құйылатын қанның мұрағаттық нұсқасы сақталып қалады және донорларға байланысты ешкімде де проблема туған емес", - деді министр.

Сондай-ақ, мекеме басшысы осы мәселе бойынша келесі аптада баспасөз мәслихатын өткізуге уәде берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны