07.11.2012, 18:09 3068

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Еуропаның интервенциялық кардиологтар қауымдастығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды - баспасөз баяны

Кеше, 6 қарашада Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Еуропаның интервенциялық кардиологтар қауымдастығының президенті Ян Фажаде бастаған делегация мүшелерімен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі еуропалық кардиологтар делегациясымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде интервенциялық кардиология саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Кеше, 6 қарашада Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Еуропаның интервенциялық кардиологтар қауымдастығының президенті Ян Фажаде бастаған делегация мүшелерімен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Министр Салидат Қайырбекова қонақтарды республиканың кардиологиялық қызметі жөнінде кеңінен хабардар етті.

Бүгінгі таңда Қазақстанда интервенциялық және кардиохирургиялық қызметті дамытуға барлық жағдайлар жасалуда. Еліміз бойынша 40 ангиографиялық операция залдары, оның ішінде 25-і өңірлерде жұмыс істеуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 11 ангиографиялық операция залдары ашылатын болады. Осылайша, қамтамасыз ету деңгейі халықаралық стандарттарға (250 мың адамға 1 құрылғыдан) сәйкестендіріледі.

Жіті жүрек талмасымен сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейін азайту мақсатында емдеудің қазіргі заманғы стратегиялары енгізілуде. Республикада соңғы 11 жылда жүрек қан тамырлары ауруларынан болатын өлім 50% азайды. Сондай-ақ, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 27,7% төмендеген. Республикада интервенциялық кардиолог және ренгтгенхирург дәрігерлермен қамтамасыз ету мәселесі де біртіндеп шешімін табуда.

2012 жылдың 9 айы ішінде жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша жоғары технологиялық көмек көрсетуде серпінді өсім байқалады. 2009 жылмен салыстырғанда КАГ саны 2 есеге, стендтеу 4,5 есеге, туа біткен жүрек ақаулары және жүре пайда болған жүрек ауруларын операция жасау 2 есеге артты.

Кездесу қорытындысында екі жақты ынтымақтастықты күшейту, атап айтқанда Қазақстанда шеберлік-сыныптарын өткізу, медициналық мамандардың біліктіліктерін арттыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

"Тараптар сондай-ақ, интервенциялық кардиология мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы мекемеаралық меморандумға қол қоюға мүдделік танытты", делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны