26.05.2010, 10:56 3978

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі неміс мамандарымен органдарды трансплантациялау саласы бойынша ынтымақтасу жайын талқылауда

Министрдің нақтылауынша, "үш бағыт бойынша келіссөздер басталды". "Біріншісі - Қазақстанда трансплантация саласын дамыту. Қазір органдарды трансплантациялау саласы бойынша донор тапшылығы мәселесі бар. Біз органдар алмасу бағдарламасын алға жылжыта аламыз, мәселен, Қазақстандағы реципиентке қажетті орган Германиядан табылуы және кері бағытта да алмасылуы мүмкін. Қазіргі заманғы консервациялау және жеткізу тәсілдері оған мүмкіндік береді", - деді министр.

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі неміс мамандарымен органдарды трансплантациялау саласы бойынша ынтымақтасу жайын талқылап, дәйектеуде. Бұл туралы Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев Астанада өткен форум барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Кеше біз неміс серіктестерімізбен кездестік, мен өзара ынтымақтастықтың жолдары жайлы ұсыныстарымды ортаға салдым. Бұл жерде дәрілік препараттар мен медициналық жабдықтар өндіретін бірлескен зауыттар мен фабрикалар салу жайлы сөз болып отыр", - деді Ж. Досқалиев.

Министрдің нақтылауынша, "үш бағыт бойынша келіссөздер басталды". "Біріншісі - Қазақстанда трансплантация саласын дамыту. Қазір органдарды трансплантациялау саласы бойынша донор тапшылығы мәселесі бар. Біз органдар алмасу бағдарламасын алға жылжыта аламыз, мәселен, Қазақстандағы реципиентке қажетті орган Германиядан табылуы және кері бағытта да алмасылуы мүмкін. Қазіргі заманғы консервациялау және жеткізу тәсілдері оған мүмкіндік береді", - деді министр.

Оның айтуынша, екінші бағыт "туыстас трансплантация мәселесі, мамандарды оқыту".

"Бүгінгі жағдаймен ғылыми медицина орталығы бүйрек пен бауыр трансплантациясына дайын", - деді Ж. Досқалиев.

"Үшінші мәселе - Қазақстанда дәрілік препараттар, медициналық техника мен медициналық жабдықтар өндіретін бірлескен зауыттар мен фабрикалар салу", -деді министр.

Сондай-ақ, неміс серіктестермен болған талқылау барысында ғылыми мамандармен және ғылыми жаңалықтарман алмасу жайы да талқыланды.

Министрдің нақтылауынша, "қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр, олар жан-жақты талқыланып, нақтыланады, меморандумға қол қойылады, онда мақсаттар мен міндеттер айқындалады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны