30.04.2010, 15:08 8977

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде медициналық техника мен бұйымдарды және арнаулы автокөлікті мемлекеттік сатып алу тендері қорытындыланды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде медициналық техника мен бұйымдарды және арнаулы автокөлікті мемлекеттік сатып алу тендері қорытындыланды

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және мамандандырылған автокөлікті мемлекеттік сатып алу бойынша тендердің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today мекеменің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы тендер шеңберінде онкологиялық және туберкулезге қарсы ұйымдарды, ана мен баланың денсаулығын сақтау, босандыру және қан қызметтерін, бастапқы медициналық- санитарлық көмек және санитарлық авиация ұйымдарын, қалалық және облыстық ауруханаларды жарақтандыру үшін жалпы сомасы 11,7 млрд теңгеге медициналық жабдық, медициналық мақсаттағы бұйымдар және мамандандырылған автокөліктер сатып алу жоспарланған.

Атап айтсақ, қалалық және облыстық ауруханалар үшін жалпы сомасы 3,1 млрд теңгеге жабдықтардың 76 бірлігі; босандыру, ана мен баланың денсаулығын сақтау ұйымдары үшін жалпы сомасы 3,0 млрд теңгеге жабдықтардың 447 бірлігі; онкологиялық қызмет үшін жалпы сомасы 1,0 млрд теңгеге жабдықтардың 12 бірлігі;

бастапқы медициналық-санитарлық көмек және санитарлық авиация ұйымдары үшін жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге жабдықтар мен мамандандырылған автокөліктердің 88 бірлігі; туберкулезге қарсы ұйымдары үшін жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге жабдықтардың 72 бірлігі; қан қызметі үшін жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге жабдықтар мен мамандандырылған автокөліктердің 16 жиынтығы жоспарланған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы тендерде 88 лот бойынша 44 өнім беруші қатысты, олардың біліктілік және өзге де талаптары бойынша 35 өнім берушіге кейінгі шараларға қатысуға рұқсат етілді.

Жалпы сомасы 9,6 млрд теңгені құрайтын 70 лот бойынша тендер өтті деп танылды, бұл ретте тапсырушылармен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасқан соң 248,1 млн теңгенің бюджет қаражаты үнемделеді деп күтілуде, деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны