25.12.2009, 18:46 3256

ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегілер С гепатитімен ауырғандар медициналық көмекпен және дәрі -дәрмекпен тегін қамтамасыз етілуі қажет дейді

Үкіметтің 2009 жылдың 4 желтоқсанындағы №2018 қаулысына сәйкес вирусты В және С гепатиттері әлеуметтік маңызды аурулардың санатына жатқызылған."Илеуметтік маңызды аурулар бойынша тегін медициналық көмек көрсетіліп, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету аясында емделеді", - деді Н. Буенко.

Астана. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның нормативтік-құқықтық актілерінде С гепатитімен ауырған азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету қарастырылған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Наталья Буенко агенттікке мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Үкіметтің 2009 жылдың 4 желтоқсанындағы №2018 қаулысына сәйкес вирусты В және С гепатиттері әлеуметтік маңызды аурулардың санатына жатқызылған. Оған дейін күшінде болған ҚР үкіметінің 2000 жылдың 30 наурызындағы №468 "Илеуметтік маңызды аурулардың және айналадағылар үшін қатер төндіретін аурулардың тізімін бекіту туралы" қаулыда да С гепатиті осындай аурулардың санытына енгізілген.

"Илеуметтік маңызды аурулар бойынша тегін медициналық көмек көрсетіліп, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету аясында емделеді", - деді Н. Буенко.

Үкіметтің 2007 жылдың 28 қыркүйегіндегі "2008-2009 жылдарға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізімін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне: жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация; алғашқы медициналық-санитариялық көмекті; алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек; уәкілетті орган айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны (шекті көлемі) шеңберінде - алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, төтенше айғақтары бойынша жолдаманың болу-болмауына қарамастан берілетін стационарлық медициналық көмек; алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек; қалпына келтіру емі және медициналық оңалту; Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі кіреді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны