14.10.2010, 13:15 3674

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысының қорғаушысы тағайындалған жазаны өзгерту туралы өтініш білдірмек

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысының қорғаушысы тағайындалған жазаны өзгерту туралы өтініш білдірмек

Астана. 14 - қазан. Kazakhstan Today - ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Жақсылық Досқалиевтің қорғаушысы Роберт Шмаль тағайындалған жазаны үй қамауына өзгерту туралы өтініш білдірмек. Бұл туралы Роберт Шмаль журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 соты ҚР бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ж.Досқалиевті 2 айға дейін қамауда ұстауға рұқсат берген болатын.

Қаржы полициясының ресми өкілінің хабарлауынша, "айыпталушы қазанның 12-сінде Астана қаласының тергеу абақтысына ауыстырылған".

Ол сондай-ақ, қаржы полициясының органдары қазанның 11-інде Ж.Досқалиевке "билікті асыра пайдаланды және аса ірі көлемде пара алды" деген айыптар таққанын еске салып өтті.

"Қазанның 12-сінде экс-министрді қамауға алу туралы ұсыныс енгізіліп, прокуратура органдары бұл ұсынысты толық қолдады. Сол күні Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 соты Ж.Досқалиевті қамауға алу туралы санкция берді", - деді М.Жұманбай.

Тергеу мүддесі үшін әзірге басқа ешқандай мәлімет берілмей отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны