08.05.2018, 21:50 3974

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Еуропалық Одақ Өкілдігініӊ басшысымен кездесу өткізді

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігініӊ басшысы, Елші Траян Лауренцю Христеамен кездесу өткізді.

Астана. 8 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігініӊ басшысы, Елші Траян Лауренцю Христеамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екіжақты қатынастардыӊ өзекті мәселелері қаралды,атап айтқанда, азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес қйымдарды гранттық қаржыландыру, халықтыӊ осал топтарын қолдау және діни экстремизмге қарсы тұру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Дархан Кәлетаев азаматтардыӊ ар-ождан бостандығына деген құқығын қамтамасыз ету және діни бірлестіктердіӊ жұмысына қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

Министрдіни саладағы заӊнамаға енгізілетін түзетулерге тоқталып, аталған заӊ жобасы аясында қабылданатын барлық шаралар біздіӊ елімізде, жалпы өӊірде тұрақтылық пен қауіпсіздіктіӊ берік іргетасын қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігініӊ басшысы өӊірлік ынтымақтастық, Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы жағдай туралы және министрлікпен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ,тараптар ағымдағы жылдыӊ 10-11 мамырында өтетін "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" Парламенттік ынтымақтастық комитетініӊ 15-ші отырысына Еуропалық Парламент делегациясыныӊ қатысуын талқылады.

Кездесудіӊ қорытындысы бойынша Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағысындарлы ынтымақтастық қатынастарды дамыту маӊыздылығы аталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны