25.06.2018, 22:16 4300

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығыныӊ бас директоры Халит Эрэнмен кездесті

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығыныӊ бас директоры Халит Эрэнмен кездесті

Астана. 25 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығыныӊ (IRCICA) Бас директоры Халит Эрэнмен кездесті.

Кездесуде дін және мәдениетті зерттеу саласындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Дархан Кәлетаев Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы мен Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы бірлесе өткізетін шаралардыӊ маӊызды екенін баса айтты.

Осындай бірлескен шаралар қатарында 21 маусым күні өтетін "Ислам мәдениетініӊ өркендеуіне Қазақстанныӊ қосқан үлесі" тақырыбында халықаралық ғылыми конференция, сондай-ақ, "Қазақстандағы ислам қолжазба мұралары: зерттеу-зерделеу, сақтау-жаӊғырту және мамандар дайындау мәселелері" атты халықаралық семинар жұмысын атауға болады.

Халит Эрэн министрге IRCICA институтыныӊ қызметі жөнінде айтып берді. Ұйымныӊ басты қызметі ислам мәдениетін зерттеуге және оны халықаралық деӊгейде танытуға, сондай-ақ, мұсылман елдеріндегі материалдық мәдениет нысандарын сақтауға бағытталған.

Кездесу соӊында тараптар екі жақты ынтымақтастықты дамытудыӊ маӊыздылығын атады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны