09.04.2018, 20:47 4215

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Қазақстанныӊ Бас мүфтиімен кездесті

Кездесу барысында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, дінаралық келісімді нығайту және азаматтардыӊ ар-ождан құқықтарын жүзеге асыру мәселелері қаралды

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін, 2018 жылғы 9 сәуір күні ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен кездесті.

Кездесу барысында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, дінаралық келісімді нығайту және азаматтардыӊ ар-ождан құқықтарын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Дархан Кәлетаев имамдардыӊ, дінтанушылардыӊ және сарапшылардыӊ қатысуымен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, министр дін саласындағы ғалымдар мен шығыстанушылардыӊ тарихи мұраны және дәстүрлі исламныӊ ұлттық мәдениетпен байланысын зерттеуге арналған арнайы жұмыс тобыныӊ қызметіне және мемлекеттік дамудыӊ зайырлы принциптеріне негізделген идеологияны қалыптастырудағы ислам дінініӊ жағымды рөлін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға қолдаубілдіретінін жеткізді.

Ал, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өз кезегінде Дархан Кәлетаевты министр қызметіне тағайындалуымен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны