Система Orphus

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Қазақстанныӊ кәсіподақ басшысымен әлеуметтік әріптестік мәселелерін талқылады

13.04.2018, 10:02 2801

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Қазақстан кәсіподақтар Федерациясыныӊ төрағасы Бақытжан Ибдірайыммен кездесті. Кездесу барысында азаматтық қоғам саласындағы уәкілетті органныӊ және кәсіподақ ұйымдарыныӊ әлеуметтік серіктестікті дамытубойынша өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

Дархан Кәлетаев еӊбек қатынастарын реттеуде және елдіӊ әлеуметтік-қоғамдық дамуындакәсіподақ ұйымыныӊ қоғамдық институт ретінде айрықша рөл атқаратынын атап өтті.

Кездесу барысында ынтымақтастықтыӊ негізгі басымдықтары ретінде әлеуметтік әріптестіктіӊ жүйесін дамыту және үкіметтік емес ұйымдарды тарту, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіруге белсенді қатысу, еӊбек ұжымдарында әлеуметтік және қоғамдық тұрақтылықты сақтау үшін тараптардыӊ күш-жігерін біріктіру жайы айтылды.

Қазақстан кәсіподақтар Федерациясыныӊ төрағасы Бақытжан Ибдірайым өз сөзінде бірлескен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына қатысуға дайын екендігін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ықпалдастық деӊгейін одан әрі арттырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны