05.01.2018, 16:55 5971

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментіне жаӊа басшы тағайындалды

Асхат Раздықұлы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ жастар саясаты департаменті директоры лауазымына тағайындалғанға дейін Астана қаласы әкімдігініӊ Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыныӊ басшысы болып қызмет етті.

Астана. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today -ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ Жастар саясаты департаментініӊ директоры болып ОраловАсхат Раздықұлы тағайындалды. Бүгін жаӊа басшы министрлік ұжымына таныстырылды.

Асхат Оралов 1990 жылдыӊ 10 ақпанында Павлодар облысыныӊ Ақсу қаласында дүниеге келген.

"Аударма ісі" мамандығы бойынша жоғары білімі бар және "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша магистрлік және PhD докторлық дәрежесіне ие.

2010 жылдыӊ ақпан айынан бастап 2014 жылдыӊ сәуіріне дейін Астана қалалық "Нұр Отан" партиясыныӊ "Жас Отан" жастар қанатыныӊ хатшылығында басшылық лауазымдарды атқарған.

2011 жылдыӊ желтоқсаны мен 2012 жылдыӊ қыркүйегі аралығында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ніӊ әлеуметтік-тәрбие жөніндегі департаментінде бас маман, 2013 жылдыӊ маусымы және 2014 жылдыӊ сәуір айы аралығында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ніӊ ұйымдастырушылық жұмыс жөніндегі бөлімінде бас маман болып қызмет атқарған.

Ал, 2014 жылдыӊ мамыр айынан 2016 жылдыӊ желтоқсанына дейін Астана қалалық "Нұр Отан" партиясыныӊ "Нұр" филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары болған.

2016 жылдыӊ наурыз айында Астана қалалық мәслихатыныӊ VI шақырылым депутаты болып сайланады.

Асхат Раздықұлы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ жастар саясаты департаменті директоры лауазымына тағайындалғанға дейін Астана қаласы әкімдігініӊ Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыныӊ басшысы болып қызмет етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны