20.07.2015, 17:16 3434

ҚР ДСИД министрі Т. Дүйсенова Татарстанныӊ еӊбек, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту министрі Э. Зариповамен әлеуметтік саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Татарстанныӊ еӊбек, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту министрі Э.Зариповаменәлеуметтік қорғау және көші-қон салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Астана. 20 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Татарстанныӊ еӊбек, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту министрі Э.Зариповаменәлеуметтік қорғау және көші-қон салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Эльмира Зарипова Қазақстанға жұмыс сапары кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған "WorldSkills Competition" халықаралық чемпионатын 2019 жылы Қазан қаласында өткізуге арналған таныстыру рәсімініӊ аясында өткенін хабарлады. Сонымен қатар, жұмыс сапары мақсаттарыныӊ бірі - әлеуметтік жағдайы төмен жергілікті халыққа және азаматтарды жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік көмек ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу екенін атап өтті.

Өз кезегінде Тамара Дүйсенова әріптесіне шараны өткізуге сәттілік тілеп, Қазақстанда этникалық көші-қонға қатысты көші-қон заӊнамасыныӊ жетілдіріліп жатқандығын хабарлады. Нақтылай түссек, этникалық қазақтардыӊ (оралмандар) ықтиярхат алу рәсімін оӊайлату; оларға орналасқан аймағына қарамастан оралман мәртебесін беру; аталмыш этникалық топқа бір жылдыӊ ішінде ҚР азаматтығын алу рәсімін оӊайлату; оларды Үкімет анықтаған аймақтарға орналастыру квоталарын бөлу сонымен қатар, аймақтарға орналастыру кезінде Үкімет анықтаған әлеуметтік жеӊілдіктерді қарастыру (көлік шығындарын өтеу, қызметтік үй болмаса жатақханадан бөлме беру, жұмыспен қамту).

Сондай-ақ, министрлік басшылары оралмандардыӊ аймақтық бейімделу және бірігу орталықтарыныӊ қызметтерін талқылады.

Кездесу соӊында Татарстанныӊ еӊбек, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту министрі Э.Зарипова Тамара Дүйсеноваға кездесудә ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, қазақстандық әрӊптесін Татарстанға жұмыс сапарына шақырды.

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны