22.04.2016, 19:39 4679

ҚР ДСИДМ электронды денсаулық сақтау жүйесін медициналық ұйымдардыӊ ақпараттық жүйесімен біріктіруді бастады

Біржақты жүйелерді біріктіру электронды денсаулық сақтау жүйесі жаӊа архитектурасыныӊ маӊызды мүмкіндігі болып табылады. Ол жалпы процеске мүдделі адамдар мен түтынушылардыӊ қатысуын қамтамасыз етіп, шарттары үлестірілген бірегей ақпараттық ортаны құруға мүмкіндік береді.

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Электронды денсаулық сақтау жүйесін дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МИМС) шараларыныӊ аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай - ҚР ДСИДМ) электронды денсаулық сақтау жүйесін барлық медициналық ұйымдар ақпараттық жүйелерімен кезеӊ-кезеӊімен біріктіруді бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Біржақты жүйелерді біріктіру электронды денсаулық сақтау жүйесі жаӊа архитектурасыныӊ маӊызды мүмкіндігі болып табылады. Ол жалпы процеске мүдделі адамдар мен түтынушылардыӊ қатысуын қамтамасыз етіп, шарттары үлестірілген бірегей ақпараттық ортаны құруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таӊда электронды денсаулық сақтау жүйесін жобалау жүргізілуде. Осыған байланысты Астана, Алматы қалалары, облыстық денсаулық сақтау басқармаларына медициналық ұйымдарға қойылатын базалық талаптар жіберілді. Оны жүзеге асыру қолданыстағы барлық жүйелерді (отбасылық дәрігерлік амбулатория (әрі қарай - ОДА), емханалар, стационарлар, медициналық орталықтар) электронды денсаулық сақтау жүйесіне біріктіруге мүмкіндік береді. Аталған талаптарды ҚР ДСИДМ сайтынан табуға болады.

Базалық талаптарға интероперабельділіктіӊ (ынтымақтастық мүмкіншілігі) халықаралық стандарттарына сай келу, жалпы анықтамалықтар мен классификаторларды қолдану, IHE интеграциялық профильдерін қолдау, сонымен қатар, заманауи технологиялар негізінде (REST, SOAP, X.509 және т.б.) өзара серіктестікті қолдау кіреді.

Электронды денсаулық сақтау жүйесіне біріктіру мүмкіндігі қарастырылмаған медициналық ұйымдар МИМС-ке қызмет көрсетуші ретінде қатыса алмайды. Өзініӊ ақпараттық жүйесі және оны құру мүмкіндігі жоқ медициналық ұйымдар жеке кабинет арқылы жұмыс істеу үшін электронды денсаулық сақтау жүйесіне кіру кілтін ала алады.

Электронды денсаулық сақтау жүйесініӊ медициналық ұйымдар ақпараттық жүйелерімен біріктірілуі МИМС-ті енгізуге дейін 2017 жылы аяқталады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны