12.07.2016, 17:48 4227

ҚР ДСИДМ мамандары павлодарлық дәрігерлерге күйдіргі жұқтырған пациенттерді емдеуге көмектесуде

Адамдарға сырқат 27 маусымда Ертіс ауданы Ұзынсу селосында ауырған сиырды сойғаннан кейін жұққаны анықталды. 117 келі малдыӊ еті ветеринарлық сараптамасыз және қажетті құжатсыз Иртышск ауылындағы "Майра" кафесіне тапсырылып, кейін 51 адамға ас беру үшін пайдаланылған.

Павлодар. 12 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Павлодар қаласына күйдіргі жұқтырғаннауқастарға консультативтік және медициналық көмек көрсету үшін Астанадан ҚР ДСИДМ Медициналық көмек көрсету департаментініӊ директоры Бауыржан Байсеркин мен реаниматолог дәрігер келді. 10 тамызда астанадан құрамында дәрігер-инфекционист және нефролог-эфферентолог бар Республикалық санитарлық авиация орталығыныӊ бригадасы жіберілген болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасыныӊ мәліметері бойынша, 8 және 9 шілде аралығында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына Ертіс ауданы Иртышск селосынан "Тері түріндегі күйдіргі" алдын ала диагнозымен 3 пациент жатқызылды. Диагноз барлық пациенттерде лабораториялық зерттеулер арқылы расталды. Олардыӊ біреуініӊ жағдайы тұрақты ауыр, екеуінікі - орта дәрежелі ауыр. Пациенттер қажетті ем алуда.

Адамдарға сырқат 27 маусымда Ертіс ауданы Ұзынсу селосында ауырған сиырды сойғаннан кейін жұққаны анықталды. 117 келі малдыӊ еті ветеринарлық сараптамасыз және қажетті құжатсыз Иртышск ауылындағы "Майра" кафесіне тапсырылып, кейін 51 адамға ас беру үшін пайдаланылған.

12 шілдедегі жағдай бойынша күйдіргіге қатысты байланыста болған 96 адам анықталды:

24 адам - Ертіс аудандық орталық аудандық ауруханасына жатқызылды;

65 адам - Ертіс аудандық орталық аудандық ауруханында амбулаториялық ем алуда;

5 адам - Павлодар қаласыныӊ № 2, 3, 4 емханаларында емделуде;

2 адам - Ресей Федерациясыныӊ азаматтары Қазақстан аумағынан кетті.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны