09.09.2015, 16:26 4006

ҚР ДСИДМ медициналық қызмет сапасы бойынша біріктірілген комиссияны құру жұмыстарын жүргізуде

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Қазақстандағы сапалы медициналық көмекті ұйымдастыру" тақырыбында өткен брифингте ҚР ДСИДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетініӊ басшысы Назарбек Бейсен мәлімдеді

Астана. 9 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Қазақстандағы сапалы медициналық көмекті ұйымдастыру" тақырыбында өткен брифингте ҚР ДСИДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетініӊ басшысы Назарбек Бейсен мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ол аталмыш жұмыс Мемлекет басшысы айқындаған бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарыныӊ 82-қадамын іске асыру шеӊберінде жүргізіліп отырғанын мәлімдеді.

"Комиссияны құрудағы басты мақсат - емдеу хаттамасын, медициналық білім стандарттарын, дәрілермен қамсыздандыруды жетілдіру, медициналық қызметтердіӊ қолжетімділігі мен сапасын бақылау арқылы медициналық қызмет көрсетудегі үздік стандарттарды енгізу. Сонымен қатар, комиссия азаматтардыӊ денсаулығын қорғау мәселелерін шешуге медициналық қоғамдыжұмылдыру мақсатында құрылмақ", - деді Назарбек Бейсен.

Ол комиссия құрудыӊ негізгі екі кезеӊде қарастырылатынын айтты. Бірінші кезеӊде комиссия ҚР ДСИДМ жанында ҮЕҰ өкілдерініӊ қатысуымен консультативтік-кеӊес органы ретінде ұсыныстарды дайындау мақсатында жұмыс істейтін болады. Бұл кезеӊ - өтпелі болады. ҮЕҰ-ныӊ дайындығына қарай оларға мемлекеттік органныӊ белгілі бір қызметтерін атқару ісініӊ берілуі қарастырылады.

Бұл міндеттерді орындау үшін комиссия сараптау және жұмыс топтарын құруға уәкілетті болады. Ол өз құзырына кіретін келесі мәселелерді қарастыратын болады: мүдделі тараптардыӊ ұсыныстарын қарастыру регламентін бекіту; қажет болған жағдайда тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі аясында медициналық көмекті стандарттау мәселелері бойынша сараптау, бағалау, талдау мақсатында штаттан тыс бас мамандарды, тәуелсіз сарапшыларды, халықаралық ұйым өкілдерін, денсаулық сақтау субъектілерін өзге салалардыӊ мамандарын шақыру, министрлікке заӊға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар жасау.

Екінші кезеӊде комиссия өз құзіреттілік шеӊберінде шешім қабылдайтын, нормативтік актілерді дайындайтын, оныӊ жүзеге асырылуын бағалап, мониторинг жүргізетін дербес ұйым ретінде жұмысын жалғастыратын болады.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, комиссия құрамына мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері кіретін болады. Оныӊ жұмысына халықаралық ұйымдар мен пациенттердіӊ өкілдері бақылаушылар ретінде қатысатын болады.

Осылайша, комиссияны құру - халыққа көрсетілетін мецициналық көмектіӊ сапасын арттырады.

Сондай-ақ, брифингте сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесініӊ дамуы туралы мәлімдеді. 1995 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 20 еседен астам ұлғайып, 2014 жылы 870 млрд. теӊгеге жуық болды. Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2011-2015 жылдарға арналған "Салауатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы сәтті аяқталып келеді.

Бүгінгі таӊда медициналық көмекті 911 ауруханалық және 3164 амбулаторлық-емханалық ұйымдар көрсетіп келеді. Оныӊ 729 ауруханалық және 2175 амбулаторлық-емханалық ұйымдары мемлекеттік меншік формасында. Жалпы республикада 229 мыӊ медициналық қызметкерлер бар, олардыӊ 70 мыӊы дәрігерлер, 160 мыӊы орта медициналық қызметкерлер.

Сонымен қатар, вице-министр тәуелсіздік жылдарында туғаннан есептелетін өмір сүру ұзақтығы 8 жылға ұлғайып, 71,62 жасты құрағанын атап айтты. Қан айналым ауруларынан болатын өлім 2,3 есеге, туберкулезден 5 есеге, аналық өлім 6,6 есеге, сәби өлімі 2,8 есеге, қатерлі ісіктіӊ пайда болуынан болатын өлім 1,5 есеге азайған.

Ауруды ерте анықтау мақсатында Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілді (11 скрининг). 2014 жылы скринингтік тексеру нәтижесінде 2 мыӊнан астам қатерлі ісік пен 80 мыӊға жуық обыралды жағдай мен қатерсіз ісік анықталды.

192 телемедициналық орталық жұмыс істейді. Оны қолдану арқылы 2014 жылы 22 мыӊ консультация өткізілді.

Алғашқы медико-санитарлық көмек ұйымдары (әрі қарай - МСАК) жұмысыныӊ тиімділігін арттыру мақсатында әлеуметтік-психологиялық қызметтер құрылды (650 психолог пен 2060 әлеуметтік жұмыскерлер). МСАК қолжетімділігін арттыру үшін алғашқы буын ұйымдарын екінші және үшінші мейірбикелермен толықтыру жұмысы жалғастырылды.

Профилактикалық медицинаныӊ қызметі күшейтілуде: 6587 денсаулық мектептері, 252 денсаулықты нығайту орталықтары, 101 темекіге қарсы орталықтар, 87 жастар орталықтары жұмыс істеуде.

Транспорттық медицина да дамып келеді. "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шараларыныӊ аясында 16 вертолет сатып алынды. Санитарлық авиация қызметі 3 жылдыӊ ішінде 2,6 мыӊ ұшу шараларын жүзеге асырды.

50 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істеп келеді. 3 жылдыӊ ішінде 1,6 млн. адам тексеріліп, 1,8 млн.зерттеулер жүргізілді. 984 мыӊ мамандардыӊ кеӊесі берілді.

Республикалық маӊызы бар трассаларда жол апатынан зардап шеккен азаматтарға уақытылы медициналық көмек көрсету мақсатында 40 трассалық медициналық құтқару орындары жұмыс істеп келеді. 2,7 мыӊнан астам зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, 1,5 мыӊ шығулар ұйымдастырылды.

"Денсаулық", "Жәрдем", "Саламатты Қазақстан" атты үш кеӊестік-диагностикалық поездар 3 жылдыӊ ішінде шалғайдағы елді мекендерде тұратын 187 мыӊнан астам адамды тексерді, 2,3 млн-нан астам кеӊестік-диагностикалық қызмет көрсетті.

В рамках развития электронного здравоохранения планируется к 2020 году внедрение электронных паспортов здоровья. В медучреждениях предполагается осуществить комплексную автоматизацию процессов управления и предоставления медуслуг, а также интеграцию информационных систем медицинских учреждений с единой информационной системой социальной сферы.

Электронды денсаулық сақтау саласын дамыту аясында 2020 жылға қарай электронды денсаулық паспортын енгізу жоспарланып отыр. Медициналық ұйымдарды басқару процестері мен медициналық қызметтерді көрсету бойынша кешенді автоматтандыру, сонымен қатар медициналық ұйымдардыӊ ақпараттық жүйесін әлеуметтік саланыӊ бірегей ақпараттық жүйесімен біріктіру қарастырылуда.

Қазіргі таӊда денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2020 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Оныӊ негізгі басым бағыттары: МСАҚ-ты одан әрі жетілдіру, қаржылық тұрақтылықты күшейту мен ортақ жауапкершілікті енгізу негізінде денсаулық сақтау саласын жетілдіру, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде денсаулық сақтау саласыныӊ инфрақұрылымын дамыту, сонымен қатар, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны