09.09.2016, 09:16 2538

ҚР ДСИДМ медициналық қызметтердіӊ сапасы бойынша біріктірілген комиссиясы адамдарды емдеудіӊ 130-дан астам хаттамасын қабылдады

Сонымен бірге, жаӊа орган медициналық қоғамды азаматтардыӊ денсаулығын қорғау мәселелерін шешуге шақыратын болады. Бұл мақсатта Комиссияны өзін өзі реттейтін ұйымға өзгерту жөнінде Жол картасы жасалып, бекітілді.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР ДСИДМ 2016 жылдыӊ 8 айында медициналық қызметтердіӊ сапасы бойынша біріктірілген комиссиясыныӊ 10 отырысын өткізді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Олардыӊ қорытындысы бойынша сырқаттанған адамдарды емдеу, оӊалту мен диагностикалаудыӊ 134 клиникалық хаттамасы қабылданып, 18 медициналық технология (кардиология, онкология, офтальмология, нейрохирургия, гастроэнтерология саласындағы емдеу тәсілдері), сонымен қатар, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудыӊ 3 стандарты мақұлданды (оториноларингологиялық және сурдологиялық, стоматологиялық, патологоанатомиялық диагностика мен клиникалық цитология).

Жоғарыда аталған клиникалық хаттамаларды әзірлеуге кәсіби медициналық бірлестіктердіӊ өкілдері шақырылды.

ҚР ДСИДМ-ніӊ клиникалық хаттамаларды әзірлеу бойынша қызметін медициналық бірлестіктерге беру мақсатында дәлелді медицина, клиникалық хаттамаларды әзірлеу мен енгізу мәселелері бойынша кәсіби бірлестіктердіӊ 204 өкілі оқытылды.

Естеріӊізге сала кетейік, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ 82 қадамын орындау мақсатында 2015 жылдыӊ 30 қарашасында Медициналық қызметтердіӊ сапасы бойынша біріктірілген комиссия құрылды. Оныӊ құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардыӊ, кәсіби бірлестіктер мен ҮЕҰ өкілдері кіреді. Комиссияны құрудағы негізгі мақсат - емдеу хаттамаларын, медициналық білім беру стандарттарын жетілдіру арқылы медициналық қызмет көрсетудіӊ үздік стандарттарын енгізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызметтердіӊ қолжетімділігі мен олардыӊ сапасын бақылау.

Комиссия бірінші кезеӊде ҚР ДСИДМ жанындағы ұсынымдар жасайтын консультативтік-кеӊестік орган ретінде қызмет ететін болады. Екінші кезеӊде комиссия өз құзыреттілігі шеӊберінде шешім қабылдай алатын, клиникалық хаттамаларды, денсаулық сақтау, медициналық білім беру саласындағы, дәрілермен қамтамасыз ету, медициналық қызметтер қолжетімділігі стандарттарын әзірлейтін, сонымен қатар, оныӊ жүзеге асырылуын бақылап, бағалайтын орган болмақ.

Сонымен бірге, жаӊа орган медициналық қоғамды азаматтардыӊ денсаулығын қорғау мәселелерін шешуге шақыратын болады. Бұл мақсатта Комиссияны өзін өзі реттейтін ұйымға өзгерту жөнінде Жол картасы жасалып, бекітілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны