09.06.2016, 09:33 4068

ҚР ДСИДМ сарапшылары медициналық қызметкерлер арасында медициналық сақтандыруды енгізу мәселелерін түсіндіру жұмыстарын бастады

Ерекше санаттағы азаматтар үшін мемлекет төлейтін жарнаныӊ мөлшерлемесі орташа айлық еӊбекақыныӊ 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеменіӊ көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан 7%-ға сатылай өсетін болады.

Астана. 9 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінде республиканыӊ медициналық қызметкерлері арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МИМС) жүйесініӊ негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша кеӊ көлемді акция басталды. Құрамында денсаулық сақтау жүйесініӊ алдыӊғы қатарлы мамандары мен ҚР ДСИДМ медициналық қызметке ақы төлеу комитеті аймақтық департаменттерініӊ басшылары бар арнаулы мобильдік топтар кездесулер мен семинарлар өткізіп, МИМС-ті енгізуге байланысты барлық сұрақтарға жауап беретін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Орта медициналық қызметкерлерге Ұлттық ғылыми медициналық орталықтыӊ басқарма басшысы Абай Байгенжин, А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығыныӊ бас директоры Болат Баймаханов, Туберкулез проблемалары ұлттық орталығыныӊ директоры Жұмағали Исмаилов, С. Асфендияров атындағы ҚазМҰУ әкімшілік департаментініӊ директоры Василий Девятко, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығыныӊ бас директоры Тілеухан Ибілдаев, "СК Фармация" ЖШС басқарушы директоры Серікбол Мусинов, Республикалық санитарлық авиация орталығыныӊ директоры Нұржан Отарбаев, "Республикалық Медициналық палата" қоғамдық бірлестігініӊ басқарма басшысы Мақсұт Құлжанов, ҚР денсаулық сақтау саласыныӊ қызметкерлері кәсіподағыныӊ басшысы Мереке Бутина, "Астана медициналық университеті" АҚ ректоры Мәжит Шайдаров және т.б. МИМС жүйесініӊ ұтымды тұстарын толыққанды түсіндіретін болады.

Медициналық қызметкерлермен кездесу - ҚР ДСИДМ-ніӊ биыл өткізетін кеӊ көлемді ақпараттық-түсіндірме жұмыстарыныӊ алғашқы кезеӊі болмақ. Ирі қарай МИМС жүйесініӊ қағидалары, медициналық сақтандыруды енгізу кезеӊдері мен оныӊ ұтымды жақтары туралы тұрғындар мен жұмыс берушілерге түсіндіретін болады.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамныӊ ынтымақты жауапкершілігініӊ негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталады. Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер - жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемімен (әрі қарай - ТМККК) әрі қарай қамсыздандыруын жалғастырады. Олардыӊ қатарына әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді.

Азаматтардыӊ денсаулығын қорғаудыӊ жалпыға бірдей құқығын қамтамасыз ету мақсатында сақтандырылмаған азаматтарға 2020 жылға дейін ТМККК аясында амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

МИМС аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім, амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, МИМС жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген келісім шарт негізіне жүзеге асырылады.

2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап мемлекет, жұмыс берушілер, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар Илеуметтік медициналық сақтандыру қорына (әрі қарай - ИМСҚ) жарна төлеуді бастайды.

Ерекше санаттағы азаматтар үшін мемлекет төлейтін жарнаныӊ мөлшерлемесі орташа айлық еӊбекақыныӊ 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеменіӊ көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан 7%-ға сатылай өсетін болады.

Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесініӊ жалпы көлемі кірістіӊ 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-ды, 2018 жылы 3%-ды, 2019 жылы 4%-ды, 2020 жылы 5%-ды құрайтын болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасыныӊ мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардыӊ кірісініӊ 7% құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады.

Жалдамалы жұмысшылар жарнаны 2019 жылдан бастап 1%, 2020 жылдан 2%-дық мөлшерде төлейтін болады.

Илеуметтік медициналық сақтандыру Қоры (әрі қарай - ИМСҚ) жарнасын төлеуден азаматтардыӊ 15 санаты босатылады, оныӊ ішінде 12-сі - халықтыӊ әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, сонымен қатар, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарыныӊ жұмыскерлері.

Халықтыӊ әлеуметтік тұрғыдан осал тобына:

- балалар;

- "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері, бұрын "Батыр Ана" атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі "Аналық даӊқ" орденімен марапатталған көп балалы аналар;

- ҰОС ардагерлері мен мүгедектері;

- мүгедектер;

- жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;

- интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;

- техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар;

- бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;

- жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;

- зейнеткерлер;

- еӊ төменгі деӊгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер;

- уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар жатады.

Айта кету керек, МИМС аясында көрсетілетін медициналық көмектіӊ көлемі ИМСҚ-ға төленетін жарна көлеміне тәуелді емес. Еӊ бастысы, жарна уақытылы әрі үнемі төленіп тұруы тиіс.

Қазақстанда қолданыстағы тәжірибеге сай ИМСҚ-ға түсетін жарналарды бақылау ісін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіне жүктеу ұсынылады.

Сарапшылардыӊ болжамы бойынша МИМС-ті енгізгеннен соӊ еліміздегі медициналық көмек көрсетудіӊ деӊгейі айтарлықтай өсетіні, сондай-ақ, дәрігерлердіӊ жалақысын арттыру мүмкіндігі пайда болады. Ауруханалар жоғарғы санатты жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер ала алатын болады. МИМС адамға тексеруден өтуіне, қажет болған жағдайда өз қаржысын жұмсамай ем алуына мүмкіндік береді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны