29.04.2016, 17:17 4391

ҚР ДСИДМ-де әлеуметтік-еӊбек саласыныӊ 2016 жылғы 1 тоқсанындағы қызметі қорытындыланды

Шараға ҚР ДСИДМ жауапты хатшысы, вице-министрлер, комитет төрағалары, министрліктіӊ құрылымдық бөлімшелерініӊ және ведомствоға бағынысты ұйымдардыӊ басшылары, бейнебайланыс режимінде - облыс, Астана, Алматы қалалары әкімдерініӊ орынбасарлары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар басқармалары басшылары, сондай-ақ ҚР ДСИДМ еӊбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменттерініӊ директорлары қатысты.

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованыӊ басшылығымен ҚР ДСИДМ-ніӊ ағымдағы жылдыӊ 3 айындағы әлеуметтік-еӊбек саласындағы қызметініӊ қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараға ҚР ДСИДМ жауапты хатшысы, вице-министрлер, комитет төрағалары, министрліктіӊ құрылымдық бөлімшелерініӊ және ведомствоға бағынысты ұйымдардыӊ басшылары, бейнебайланыс режимінде - облыс, Астана, Алматы қалалары әкімдерініӊ орынбасарлары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар басқармалары басшылары, сондай-ақ ҚР ДСИДМ еӊбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменттерініӊ директорлары қатысты.

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасын (әрі қарай - "ЖҚЖК 2020") іске асыру шаралары бойынша ҚР ДСИДМ Халықты жұмыспен қамту департаментініӊ директоры Балжан Шаменова сөз сөйледі.

"2016 жылы "ЖҚЖК 2020" бағдарламасына республикалық бюджеттен 100,6 млрд. теӊге бөлінді. 2016 жылғы 1 сәуірдегі мәліметтерге сай, бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша 33,2 мыӊ адам хабарласты, оныӊ ішінде жұмыссыздар саны 25854 (78,3%), өзін өзі жұмысен қамтығандар - 6929 адам (21%), 244 (0,7%) адам - ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер.

2016 жылғы 1 тоқсанда бағдарламаны іске асыру аясында 34,2 мыӊ адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылғандар саныныӊ еӊ жоғарғы көрсеткіші Оӊтүстік Қазақстан облысында - 13,8 мыӊ адам, Қызылорда облысында - 2,5 мыӊ адам, Алматы қ. - 2,4 мыӊ адам болды", - деп хабарлады ол.

Жұмыспен қамтылған тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен (әрі қарай - ЖЗЖ) қамту туралы ҚР ДСИДМ Илеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру департаменті директорыныӊ орынбасары Азамат Өміртаев мәлімдеді.

Ол ҚР Зейнетақы жүйесін әрі қарай жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру аясында 2030 жылға қарай жұмыс істейтін тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды 80%-ға жеткізу жоспарланып отырғанын еске салды.

2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша жұмыс істейтін тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту 70,4%-ды (8 млн. 623,8 мыӊ жұмыспен қамтылған тұрғындарға шаққанда 6 млн. 68,3 мыӊ белсенді салымшылар) құрап отыр. Өткен жылы ЖЗЖ белсенді қатысушыларыныӊ саны 50 мыӊ адамға ұлғайды.

"2016 жылғы 1 сәуірдегі мәліметтерге сай, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтау сомасы 6 трлн. 59 млрд. теӊге немесе ІЖӨ-ніӊ 14%-ынан астамын құрап отыр", - деді Азамат Өміртаев.

Алқа мәжілісініӊ қорытындысы бойынша Тамара Дүйсенова "ЖҚЖК 2020" бағдарламасыныӊ аясында азаматтарды жұмыспен қамтудыӊ белсенді шараларымен қамту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны