23.12.2015, 19:02 3554

ҚР ДСИДМ-де Мемлекет басшысыныӊ Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген тапсырмалары талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованыӊ басшылығымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Мемлекет басшысыныӊ 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында әлеуметтік-еӊбек және денсаулық сақтау салаларыныӊ негізгі міндеттері туралы алқа мәжілісі өтті

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованыӊ басшылығымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Мемлекет басшысыныӊ 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында әлеуметтік-еӊбек және денсаулық сақтау салаларыныӊ негізгі міндеттері туралы алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараға вице-министрлер, жауапты хатшы, комитет төрағалары, құрылымдық бөлімшелер мен ведомствоға бағынысты ұйымдардыӊ басшылары қатысты.

Жиын басында сөз алған Тамара Дүйсенова әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, Елбасы белгілеген тапсырмаларды іске асыруға, оныӊ ішінде келесі жылы барлық әлеуметтік жауапкершілікті орындауға, қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ төмендеуіне жол бермеуге бар күш-жігерді салу керектігін атап айтты.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Б. Нұрымбетов ҚР жаӊа Еӊбек кодексі туралы баяндама жасады. Ол жаӊа кодекс Мемлекет басшысыныӊ Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында (83 қадам) дайындалғанын еске салды.

Жаӊа Еӊбек кодексі тараптардыӊ мүдделер тепе-теӊдігін сақтай отырып, еӊбек қатынастары субъектілерініӊ жауапкершілігі мен рөлін бөліп қарастырып, жұмыс беруші мен қызметкерлердіӊ еӊбек қатынастарына мемлекет тарапынан араласуын шегін нақты анықтайды. Мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақыныӊ еӊ төменгі деӊгейдегі еӊбек стандарттарын белгілеп, жұмыс беруші тараптарыныӊ бұл міндеттемелерді орындауын қатаӊ бақылайтын болады.

"Жұмыс беруші мен қызметкердіӊ еӊбек қатынастары көп жағдайда ұжымдық шарттар арқылы, олардыӊ өзара келісім мен шарттар жасасу негізінде жүзеге асырылатын болады", - деп атап айтты Біржан Нұрымбетов.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртанов ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы жобасын жүзеге асыру нәтижелері туралы мәлімдеді.

Ол жаӊа Мембағдарламаны жүзеге асыру аясында эпидемиологиялық қызмет пен тамақтануды оӊтайландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды біріктіру негізінде қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі құрылатынын хабарлады.

Вице-министр жаӊа Мембағдарлама отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталғанын айтты. Негізгі басымдық аурулардыӊ алдын алу мен алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру болмақ.

Жаӊа Мембағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай Қазақстан тұрғындарыныӊ күтілетін өмір сүру ұзақтығы 73 жасқа дейін артатын болады.

Алқа жиыны барысында жаӊа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АИК) енгізу туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Ол жаӊа үлгідегі АИК-ніӊ шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінетінін атап айтты.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еӊбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еӊбекке жарамды мүшелері еӊбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасыларынан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек құрамында еӊбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасыныӊ барлық еӊбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.

Илеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады: әлеуметтік қызметтер жұмыспен қамту шараларын қарастырып, жәрдемақы төлесе, отбасыныӊ еӊбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына адал ниетпен қатысады.

Сондай-ақ, Вице-министр 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап берілетін төлемдер мөлшерін төмендетпей, жәрдемақы тағайындау процедураларын жеӊілдетуді қарастыратын арнаулы мемлекеттік жәрдемақыныӊ өзгертілетінін хабарлады.

Алқа мәжілісініӊ қорытындысы бойынша Тамара Дүйсенова ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ведомствоға бағынысты ұйымдар қызметкерлеріне барлық бағыттар бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны