30.06.2016, 16:58 7395

ҚР ДСИДМ-де мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды

Мүгедектердіӊ құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарыныӊ үшінші кезеӊін жүзеге асыру жайында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова баяндады.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде (әрі қарай -ДСИДМ) Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеӊесініӊ кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Үйлестіру кеӊесініӊ жұмысына ҚР Премьер-министрініӊ орынбасары Дариға Назарбаева, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова, орталық мемлекеттік органдардыӊ өкілдері, облыс әкімдерініӊ орынбасарлары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларыныӊ, ҚР ДСИДМ Еӊбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аумақтық департаменттерініӊ басшылары, үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында халықтыӊ жүріп-тұруы шектеулі топтарыныӊ қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын ескере отырып, өӊірлердегі әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін бейімдеу мәселелері, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ және Астана қаласы объектілерініӊ мүгедектерге қолжетімділігін қамтамасыз ету; Қазақстанда инклюзивті білім беруді енгізудегі проблемалар мен оныӊ келешегі туралы мәселелер қарастырылды.

Мүгедектердіӊ құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарыныӊ үшінші кезеӊін жүзеге асыру жайында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова баяндады.

Вице-министр аймақтарда 2016 жылға арналған әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды бейіндеу жоспары бекітілгенін, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды бейіндеу шараларыныӊ сапасын бақылау мақсатында өӊірлік БАҚ, ҮЕҰ, "Нұр Отан" партиясы өкілдерініӊ қатысуымен қоғамдық бақылау шаралары жүргізіліп отырғанын атап айтты.

ДСИДМ мамандары кедергісіз орта құрудағы жергілікті атқарушы органдардыӊ қызметін саралады.

"Бүгінгі таӊда 25,2 мыӊ инфрақұрылым нысандарын паспорттау жүргізілді. Паспортталған нысандардыӊ 17,6 мыӊға жуығын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейіндеу қажет, оныӊ 7 мыӊ 664 нысаны мүгедектер қажеттілігіне сай бейінделді, бұл 43%-ды құрап отыр", - деп атап айтты Вице-министр.

Светлана Жақыпова ДСИДМ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарып отырғанын хабарлады. Ағымдағы жылғы 6 айда халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 мыӊ 156 мүгедекті, "Өрлеу" жобасыныӊ аясында 72 мүгедек адамды жұмысқа орналастыруға көмектесті.

"Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілерге квота берудіӊ 2%-дан 4%-ға дейін сараланған үлгісі қолданылады. Сонымен бірге, арнайы жұмыс орындарын жасайтын жұмыс берушілер шығындарын субсидиялау тетіктері енгізілетін болады", - деп мәлімдеді Вице-министр.

Үйлестіру кеӊесініӊ мүшелерін Атырау, Солтүстік Қазақстан, Маӊғыстау облыстары, Астана қаласы әкімдерініӊ орынбасарлары, "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ өкілдері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны құру бойынша қабылданған іс-шаралар туралы хабардар етті.

Инклюзивті білім беруді дамыту мәселесі білім және ғылым Вице-министрі Эльмира Суханбердиеваныӊ, Қарағанды облысы әкімініӊ орынбасары Жандос Ибішевтіӊ және "Намыс" мүгедектердіӊ қоғамдық бірлестігініӊ төрағасы Қайрат Иманәлиевтіӊ баяндамаларында талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, тиісті тапсырмалар берілді.

Естеріӊізге сала кетейік, Үйлестіру кеӊесі Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ жанындағы консультативтік-кеӊесші орган болып табылады. Үйлестіру кеӊесі мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, олардыӊ тыныс-тіршілігі мен қоғамға етене араласуы үшін теӊ мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардыӊ, ұйымдардыӊ, мүгедектердіӊ қоғамдық бірлестіктерініӊ өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Үйлестіру кеӊесініӊ құрамына республикалық және өӊірлік мүгедектердіӊ қоғамдық бірлестіктерініӊ өкілдері кіреді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны