05.09.2018, 18:17 4019

ҚР ДСМ: Дәрі-дәрмектердіӊ бағасын реттеу мәселесі талқыланды

Талқылау барысында баға белгілеудіӊ жаӊа қағидалары шеӊберінде дәрі-дәрмек заттары мен медициналық бұйымдар бағасыныӊ негізділігіне экономикалық сараптама жүргізудіӊ күшейтілетіні атап өтілді.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today -Заӊнамаға дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардыӊ бағаларын реттеу мәселелері бойынша жоспарланып отырған өзгерістер бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойдыӊ төрағалығымен өткен дөӊгелек үстел барысында талқыланды.

Баға белгілеу және бағаны реттеу бойынша норманыӊ бүкіл фармацевтикалық жұртшылықты қозайтындықтан жоспарланып отырған өзгерістерді барлық мүдделі тараптар талқылады.Дөӊгелек үстелге Индустрия және даму минситрлігініӊ, ҚР ДСМ Фармация комитетініӊ, Дәрілік құралдарды сараптау ұлттық орталығыныӊ, Республикалық денсаулық дамыту орталығыныӊ, "СК-Фармация" ЖШС, "Атамекен" ҰКП мен бейіндік қауымдастықтардыӊ, отандық және шетелдік фармацевтикалық өндірушілердіӊ, фармацевтикалық өнімдер дистрибьюторларыныӊ және басқа жұртшылық өкілдері қатысты.

Өзініӊ кіріспе сөзінде Алексей Цой дәрі-дәрмектердіӊ бағасын реттеудіӊ уақыт талабы екенін атап өтті. "дәрі-дәрмектіӊ бағаларын реттеу мүмкіндігі дәрі-дәрмек препараттары сияқты әлеуметтік маӊызы бар тауардағы алып-сатарлыққа жол бермеуге мүмкіндік береді".

Қазақстан Республикасындағы дәрі-дәрмек препараттары мен медициналық бұйымдардыӊ бағаларын реттеудіӊ негізгі аспектілері мен перспективалары туралы Дәрілік құралдарды сараптау ұлттық орталығы бас директорыныӊ бірінші орынбасарыАйнұр Нұртаева баяндап берді. Оныӊ айтуынша, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардыӊ бағаларын қалыптастырудағы жоспарланып отырған өзгерістер бағаны реттеудіӊ 4 деӊгейін көздейді - өндіруші, көтерме сауда, бөлшек сауда, сондай-ақ ТМККК шеӊберінде және МИМС жүйесінде сатып алу деӊгейлері.

"Баға белгілеудегі қалыптасқан тәжірибені ескере отырып, референттік елдердіӊ тізімі олардыӊ макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша Қазақстанмен салыстырмалылығын ескере отырып, қайта қаралды, себебі алдыӊғы тізімге АҚШ, Ұлыбритания және басқалар сияқты Қазақстанмен салыстыруға келмейтін елдеркірген", - деп атап өтті Арнұр Нұртаев.

Ол сондай-ақ өндірушініӊ бағасын тіркеу референттік елдердіӊ тұтынушылық орамыныӊ бағасы негізінде жүргізіледі деп түсіндірді. Сондай-ақ үстеме бағаныӊ регрессивтік шкаласы арқылы дәрілік препараттарды көтерме және бөлшектеп сату маржасы реттелетін болады.

Талқылау барысында баға белгілеудіӊ жаӊа қағидалары шеӊберінде дәрі-дәрмек заттары мен медициналық бұйымдар бағасыныӊ негізділігіне экономикалық сараптама жүргізудіӊ күшейтілетіні атап өтілді. Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардыӊ тіркелген және шекті бағаларыныӊ тізілімі әзірлеу барысында, соныӊ арқасында фармацевтикалық өнімдердіӊ бағалары туралы ақпарат барлық мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады. ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны