17.11.2006, 10:09 2821

ҚР елшісіне Латвияның ең құрметті марапаты - Үш жұлдыз Ордені тапсырылды

АСТАНА. 17 қараша . Kazakhstan Today.Ригада Латвия президенті Вайра Вике-Фрейберга Қазақстанның осы елде 2002-2006 жылдары елші қызметінде болған , ал қазіргі Венгриядағы елшісі Рашид Ыбыраевқа Үш жұлдыз Орденін тапсырды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан дипломаты бұл марапатқа және Үш жұлдыз Орденінің Командирі лауазымына Латвиядағы елеулі қоғамдық қызметі үшін ие болды.

Дипломат Р. Ыбыраев Латвия президентіне қызметін жоғары бағалағаны үшін алғысын білдіріп, "бұл жоғары марапат, ең әуелі екі жақты қарым қатынастағы Қазақстан мен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алатын орнына берілген баға", деп атап өтті ол. Оның айтуынша Қазақстан мен Латвияның ынтымақтастығы екі ел халықтарының игілігі үшін қарқынды дамып келеді.

Марапаттау рәсімі салтанатты түрде елдің саяси, іскер орта өкілдерінің қатысуымен Республика күні қарсаңында өтті. Латвияда мемлекттік марапаттау мемлекет үшін маңызды оқиғаларға орайластырылып, жылына екі мәрте өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны