12.04.2012, 12:41 3983

ҚР "Ғылым туралы" Заңында ғылымды басқарудың жаңа үлгісі бар

Заңда ғылымды басқарудың мүлдем жаңа үлгісі көрсетілген. Қазақстанда жаңа құрылымдар - Ұлттық ғылыми кеңестер мен Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы құрылды. Бұл құрылымдарда отандық немесе шетелдік ғалым екеніне қарамастан, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру туралы шешім қабылданып, сараптамалар жүргізіледі.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - 2011 жылы қабылданған "Ғылым туралы" Заңда Қазақстанның ғылым саласын дамытуға қажетті жаңалықтар бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Заңда ғылымды басқарудың мүлдем жаңа үлгісі көрсетілген. Қазақстанда жаңа құрылымдар - Ұлттық ғылыми кеңестер мен Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы құрылды. Бұл құрылымдарда отандық немесе шетелдік ғалым екеніне қарамастан, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру туралы шешім қабылданып, сараптамалар жүргізіледі.

Сонымен қатар қаржыландырудың жаңа үлгілері, атап айтсақ базалық, гранттық және бағдарламалық-мақсатты үлгілері енгізілген. Базалық қаржыландыру жаңа бағыт болып табылады.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2012-2014 жылдары осы саланы дамытуға 7 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді. Ал ғылыми жобалар болса гранттық және бағдарламалық-мақсатты жүйе бойынша қаржыға ие болады. Қазіргі таңда ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру байқауы аяқталды, байқау қорытындысы бойынша 1174 жоба мақұлданды.

Айта кетсек, 2011 жылы ғылыми ұйымдарға 26,8 млрд. теңге қаражат бөлінген. 2012 жылы 49,7 миллиард теңге бөлу көзделген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 61 пайызға көп.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны