10.12.2015, 11:13 3802

ҚР ХҚКО-тарында салық органдары желісінен 8 жаӊа мемлекеттік қызмет қолжетімді болды

ҚР-да Халыққа қызмет көрсету орталықтарында салық органдарыныӊ қызметтер тізімі артты, деп хабарлайды "ХҚКО" РМК баспасөз қызметі

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР-да Халыққа қызмет көрсету орталықтарында салық органдарыныӊ қызметтер тізімі артты, деп хабарлайды "ХҚКО" РМК баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ХҚКО-лар салық органдарыныӊ бағыты бойынша пилоттық режимде тағы да 8 қызметті көрсетуді бастады. Бұған дейін ХҚКО-лар аталған ведомствоныӊ 17 қызметін ұсынған болатын. Енді қызметтер тізбесі кеӊейтілді және Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетініӊ ХҚКО-ға берген қызметтер саны 25-ке келіп жетті", - делінген хабарламда, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Атап айтсақ, енді ХҚКО-ларға салық төлеушілерді тіркеу, салық төлеушіні тіркеу есебіне алу, ҚР-дағы көздерден алынған кірістер сомасы және ұсталынған (төленген) салықтар туралы анықтама, сондай-ақ ҚР резиденттігін растау және т.б. үшін жүгінуге болады.

Бұрын қазақстандықтар аталған қызметтерді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетініӊ аумақтық органдарынан ғана ала алатын. Енді оларды мемлекеттік органдар және баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетеді. Қызметтерді ресімдеу үшін ХҚКО-ға дүйсенбіден бастап сенбіні қоса, түскі үзіліссіз таӊғы сағат 9.00-ден бастап кешкі сағат 20.00-ге дейін жүгінуге болады.

Пилоттық қызметтердіӊ басым бөлігі толығымен автоматтандырылған және оларды ХҚКО-лардыӊ электрондық үкімет порталында, сондай-ақ "Connection Point" секторларында өз бетінше алуға болады.

"Бұл үшін электрондық кезек талонын алу қажет емес, онлайн қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаӊба болса ғана жеткілікті. ЭЦҚ болмаған жағдайда ХҚКО инспекторлары клинеттерге оны жеке куәлікке не флеш-картаға жазып беруге көмектеседі", - деп атап өтті "ХҚКО" РМК бас директоры Исемгүл Балташева.

Ол қазіргі уақытта көрсетілетін қызметтердіӊ стандарттары келісу үстінде екендігін айтып өтті. Олар бекітілісімен пилоттық жоба аяқталып, қызметтер ХҚКО-ларда жалпы негіздерде көрсетілетін болады.

Бүгінгі күні Қазақстанда 212 мемлекеттік қызметті көрсететін 267 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. 2015 жылғы 10 айға ҚР ХҚКО-ларында 30 милионнан астам қызмет, оныӊ ішінде 22 миллион қызмет - электрондық нысанда көрсетілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны