13.07.2015, 10:57 3082

ҚР ИДМ ұялы байланыс сапасына қатысты шағымдарды қабылдау үшін "Халықтық бақылау" мобильді қосымшасын іске қосуды жоспарлауда

ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті қызметтер сапасын қадағалау үшін "Халықтық бақылау" мобильді қосымшасын жасауға бастамашы болды, деп хабарлайды ведомствода

Астана. 13 Шілде. Kazakhstan Today - ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті қызметтер сапасын қадағалау үшін "Халықтық бақылау" мобильді қосымшасын жасауға бастамашы болды, деп хабарлайды ведомствода, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгін аймақтарда ғана емес, сонымен қатар Астана қаласында да ұялы байланыс сапасы біздіӊ талаптарға сай келмейтін жерлер бар. Оныӊ себептерін анықтап, оларды міндетті түрде жою керек. Бұндай жұмысты үнемі жүргізіп отыру қажет" - деді вице-министр Сәкен Сәрсенов "Kcell" АҚ, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС, "Кар-Тел" ЖШС, "АЛТЕЛ" АҚ және "Қазақтелеком" өкілдерініӊ қатысуымен өткен кеӊесте, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Комитеттіӊ мәліметінше, "Халықтық бақылау" бағдарламасын әзірлеушілердіӊ айтуынша, ол ұялы үкіметтіӊ қосымшасы ретінде жұмыс істеп, байланыс сапасына қатысты шағымдар мен суреттерді қабылдайтын болады.

Жіберілген ақпарат Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне және мамандандырылған өлшеу жабдықтыӊ көмегімен байланыс сапасына мониторинг және тексеру өткізетін "Мемлекеттік техникалық қызмет" РМК тікелей жеткізілетін болады.

Хабарламада мәлім болғандай, ұсынылатын қызметтер сапасыныӊ төмендеуіне қатысты мәселелерді шешу мақсатында, мониторинг нәтижелері байланыс операторларына жіберілетін болады. Операторлар байланыс сапасын жақсарту үшін қажетті шара қолданбаған жағдайда әкімшілік жазаға тартылатын болады. Бұл әрекеттер ұялы байланыс желілерініӊ жұмысын тексеру барысыныӊ ашықтығын және тиімділігін арттыруға, операторлардыӊ шығындарын азайтуға және абоненттермен байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Операторлар мен ұялы байланыс абоненттері "Халықтық бақылау" мобильді қосымшасын тегін пайдалана алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны