23.10.2018, 18:18 5132

ҚР ІІМ 6 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етудіӊ нормалары мен ережелерін түсіндірді

Автобустыӊ алдында және артында Кеден одағына мүше-мемлекеттерде қолданылатын Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес "Балаларды тасымалдау" айыру белгілері орнатылуы қажет.

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - 6 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етудіӊ нормалары мен ережелері.

Автобустыӊ алдында және артында Кеден одағына мүше-мемлекеттерде қолданылатын Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес "Балаларды тасымалдау" айыру белгілері орнатылуы қажет.

Шанақтыӊ сыртқы бүйірлік жақтарында, сондай-ақ автобус симметриясыныӊ білігі бойынша алдында және артында "БАЛАЛАР" қарама-қарсы түсті жазбалар түсірілуі керек.

Автобус артқа жүрген кезінде автоматты түрде дыбыстық сигнал беретін құрылғымен жабдықталуы керек.

Автобуста орнатылған барлық сыртқы тікелей емес шолу құрылғыларыныӊ элементтерініӊ электрлі қыздырғышы болуы қажет.

Автобус қозғалған кезде сөрелер қол жүгі құлауына жол бермейтіндей болуы керек.

Автобус алғашқы көмектіӊ екі дәрі қорабымен (автомобильдік) жабдықталуға тиіс.

Автобуста кем дегенде екі өрт сөндіргіш орнатуға арналған орындар қарастырылуы қажет, бұл жерде орындардыӊ бірі жүргізуші отырғышыныӊ жанында болуы керек.

Балаларға арналған отырғыштар автобус жүрісі бойынша алға қаратылуға тиіс.

Балаларға арналған отырғыштардыӊ әр бойлық қатарында "Тоқтату туралы өтініш" сигналдық түймесі қарастырылуы керек.

Жүргізушініӊ жұмыс орны төмендегілермен жабдықталуға тиіс:

- балаларды орналастыру орындарынан іске қосылатын, тоқтау қажеттігі туралы дыбыстық және жарық сигналдарымен;

- ішкі және сыртқы автомобильдік қатты дыбыстау қондырғысымен.

Өз отырғышында отырған жүргізушіде жол деӊгейінен бастап автобус еденініӊ бетіне дейінгі аймақта балалардыӊ автобусқа кіруі және одан шығуы процесін бақылау мүмкіндігі болуы қажет. Егер тікелей емес шолушылық жеткіліксіз болып табылса, онда мұндай бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құрылғылар ("бейнекамера-монитор" жүйесі, айналар жүйесі, басқа оптикалық құрылғылар) орнатылуы керек.

Сонымен қатар, балаларға арналған отырғыштар балаларға арналған ұстап тұратын жүйелермен жабдықталады.

22 адамнан аспайтын жолаушылар саны бар автобустар бір қызметтік есікке ие болуы тиіс, 22 адамнан асатын жолаушылардыӊ жалпы саны бар автобустар кіру және шығу үшін кем дегенде екі қызметтік есік болуы керек.

Есік (немесе есіктіӊ біреуі) жүргізушініӊ жұмыс орнына тікелей жақын жерде орналасуы керек.

Автобус қызмет көрсету есіктері ашық немесе толық жабылмаған кезде қозғалыс басталуына кедергі келтіретін құрылғымен жабдықталуы керек.

Автобус күнніӊ әр мезгілінде кез келген уақытта автобус есіктерінде балалардыӊ кіруін және шығуын көруге мүмкіндік беретін жарықпен қамтамасыз етілуі керек.

Техникалық регламенттермен толық нұсқасын. Еуразиялық экономикалық комиссияныӊ сайтынан http://www.eurasiancommission.org табуға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны