06.07.2018, 14:51 6033

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсуге ниеттенген үміткерлердіӊ кездесуі өтті

Жиналғандар Көкшетау техникалық институтына түсуге ниет білдірген үміткерлерге сәттілік тілеп шығарып салды. Биылғы жылы Батыс Қазақстан облысынан Көкшетаудағы жоғары оқу орнына түсуге облыстағы мектептердіӊ 27 түлегі ниет білдірді.

Орал. 6 шілде. Kazakhstan Today - Көкшетау техникалық институты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетініӊ бөлімшелері үшін жоғары кәсіби мамандарды дайындайтын еліміздегі жалғыз алтын ұя болып табылады, сол себепті азаматтық қорғау органдарыныӊ қызметкерлері БҚО-ныӊ барлық мектептерінде үгіт-насихат жұмыстарын жыл бойына жүргізіп келеді.

Жоғары оқу орнын таӊдау өмірлік мамандықты таӊдауды білдіреді, мектеп бітірісімен өз таӊдауын анықтаған түлектер ұлттық бірыӊғай тестілеуге қатысады.

2018 жылғы 3 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментініӊ мәжіліс залында Департамент бастығы генерал-майор Ж. Жұмашевтыӊ төрағалығымен және Департаменттіӊ ведомостволық бағынысты мекемелерініӊ бастықтары, жеке құрамыныӊ қатысуымен және ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсуге ниеттенген үміткерлердіӊ кездесуі өтті. Биылғы жылы Батыс Қазақстан облысынан Көкшетаудағы жоғары оқу орнына түсуге облыстағы мектептердіӊ 27 түлегі ниет білдірді.

Кездесу барысында үміткерлерге өз тілегін білдірген БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж. Жұмашев барлығы да түлектердіӊ өз қолында екендігін жеткізді.

- Мен барлық үміткерлерге ақжол тілеймін, Көкшетау техникалық институтына түсіп кетулеріӊізге шын жүректен тілектеспін, -дедеі Ж. Жұмашев.

Сондай-ақ қатысушылар алдында КТИ тәмамдап, азаматтық қорғау саласы қызметкерлерініӊ қатарын толтырып әрі қызмет өткеруге келген түлектер сөз сөйледі. Қысқаша КТИ казармасындағы өмір және институт мүмкіндіктері туралы айтып өтті.

Сонымен қатар 9-13 шілде аралығында Көкшетау қаласында өтетін "Жас құтқарушы" республикалық жарысына қатысатын 7 спортшыны шығарып салу өтті.

Іс-шара соӊында Көкшетауға аттанатын барлық үміткерлерге естелік сыйлықтар табысталды.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны