07.06.2007, 14:52 2788

ҚР индустрия және сауда министрлігі 2008-жылдан бастап өзінің салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларын қаржыландыруды тоқтата тұрмақшы

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. ҚР индустрия және сауда министрлігі 2008-жылдан бастап өзінің салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларын қаржыландыруды тоқтата тұрмақшы. Бұл туралы бүгін "Инновациялық жобаларды өндіріске енгізу проблемалары туралы" деген тақырыптағы семинар барысында индустрия және сауда вице-министрі Қуандық Бишимбаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Министрлік басшылығы салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларын қаржыландыруды тоқтата тұруды және оларға 2008-жылғы бюджетте сұраныс жасамауға шешім қабылдады. Өйткені, өнеркәсіптің қандайбір саласына олардан келген пайданы көре алмай отырмыз",- деді Қ.Бишимбаев.

Оның нақтылауынша, "министрлік бұл бағдарламалардың сұранасқа ие болмау тауқыметіне тап болып отыр". "Бүгінде индустрия және сауда министрлігінде миллиардтаған теңгенің санаткерлік меншігі бар, бірақ оның зауыттары мен фабрикалары жоқ. Сол себепті аталған өнертабыстар мен жобалар мекемеде шаңға бөгіп жатыр. Оларды біз екі себепке байланысты жеке меншік секторға бере алмай отырмыз. Біріншіден, елімізде біздің осы жылдарда жинақтағандарымызды кәсіпкерлерге беруге мүмкіндік тудыратын заңнамалық тетік жоқ. Екіншіден, кәсіпкерлер тарапынан аталған өнертабыстарға сұранысты да көре алмадық",- деді Қ.Бишимбаев.

"Егер бізге ғылыми-техникалық жобаларға берілген бюджет қаржысы тиімсіз пайдаланылып жатса, онда оны білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік салалар пайдалана алады",- деді ол. "Біз, әрине, бұл тақырыпты жылы жауып қоюға болмайтынын түсінеміз... Мемлекеттен өзге ешкім шеше алмайтын айқын салалық басымдықтар қажет. Біздің қолымыздағы идеяларды жеке меншік секторға қалай беру қажеттігін шешу керек. Оларға кәсіпкерлер бірдей мүмкіндікпен қол жеткізе алуы қажет",- деді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны