25.09.2007, 13:01 1622

ҚР Индустрия және сауда министрлігі аулалық жерлерде коммерциялық құрылыс салу үшін бөлуге мораторий енгізуді ұсынады

ҚР Индустрия және сауда министрлігі аулалық жерлерде коммерциялық құрылыс салу үшін бөлуге мораторий енгізуді ұсынады.

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі аулалық жерлерде коммерциялық құрылыс салу үшін бөлуге мораторий енгізуді ұсынады. Бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов осындай ұсыныс жасады.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тұрғын үйдің маңындағы жер телімі ортақ жер пайдалану құқығы бойынша үйді меншіктенушілердің иелігіне жатады", - деді Ғ. Оразбақов.

Оның айтуынша, "бұл құқықтың анықтамасында аталған құқықтың жер теліміне қатысты міндетті емес екендігі көрсетілген, сол себепті бірқатар жергілікті атқарушы билік органдары кондоминиум нысандарындағы жер телімдерін коммерциялық құрылымдарға беріп қояды". "Мұндай жайтқа жол бермеу үшін біз тұрғын үй нысаны пайдалануға берілген кездегі актіде көрсетілгеннен кем түспейтін көлемдегі жер телімін кондоминиум шеңберіне міндетті түрде қамтуды қарастыратын норманы заңдастырып, қайта тіркеу уақытын нақты көрсете отырып, осындай жерлерді әкімшіліктің бастамасымен коммерциялық құрылыс салу мақсатында бөлуге мораторий енгізуді ұсынамыз", - деді Ғ. Оразбақов.

Бұған қоса ол "аулалардағы аумақты түрлі жайластыру элементтерімен қоса пәтер иелерінің ортақ меншігіне бере отырып, оларды ұстауға қажетті шығындарды көрсету мәселесін қарауды" ұсынды. "Ғимараттардың тағдарына қатысты жауапкершілікті пәтер иелеріне түпкілікті жүктеу мәселесі ұзақ уақыт бойы шешілмей келді, алайда, үкімет бұл жауапкершілікті өзіне жүктеп алып, екіұдай ахуалдан құтқаруға тиіс деп санаймын", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны