25.09.2007, 11:37 1534

ҚР Индустрия және сауда министрлігі пәтерді меншіктену құқығын пәтер иесінің жалпы үй мүлкіндегі үлес мөлшерін міндетті түрде көрсете отырып қайта тіркеуді ұсынады

ҚР Индустрия және сауда министрлігі пәтерді меншіктену құқығын пәтер иесінің жалпы үй мүлкіндегі үлес мөлшерін міндетті түрде көрсете отырып қайта тіркеуді ұсынады.

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі пәтерді меншіктену құқығын пәтер иесінің жалпы үй мүлкіндегі үлес мөлшерін міндетті түрде көрсете отырып қайта тіркеуді ұсынады.

"Жаңа тіркеу актілерінде пәтерді меншіктену құқығын пәтер иесінің жалпы кондоминимум нысанындағы үлес мөлшерін процентпен міндетті түрде көрсете отырып қайта тіркеу ұсынылып отыр", - деді бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов.

Министрдің айтуынша, бұл "пәтерді сатқан немесе сатып алған кезде үйді жалпы меншіктену үлесі сауда-саттықпен бірге басқа иелікке өту мүмкіндігі қарастырылмаған қазіргі жағдайды реттеу үшін" жасалатын қадам. "Бүгінгі тұрғын үй заңнамасында үйдегі пәтер иесі немесе адам тұрмайтын орынның меншік иесі жалпы үйді меншіктенуде тиісті үлестің иесі болып табылады деп көрсетілген". "Алайда, осынау маңызды ереже іс жүзінде орындалмай отыр. Өйткені, меншік иелері - пәтер қожайындарының құқығы тек жекелеген пәтерлерге қатысты ғана тіркелген және тиісті шарттарда осы пәтерлердің жалпы аумағы ғана көрсетілген. Ал жалпыға ортақ бөлінбейтін меншік - сатылар, жертөлелер мен тоқсатылар іс жүзінде иесіз, сол себепті көптеген пәтер иелері осындай меншіктің сақталуы үшін жауап бергісі және оларды жөндеуге қаржы шығарғысы келмейді", - деп түсіндірді министр қайта тіркеу қажеттігін.

Оның айтуынша, жаңа тетік ортақ мүлікті сақтау мен жөндеу үішн жауапкершілікті сатып алған пәтердің алаңына сәйкес бөлуді қарастырады. "Егер азаматтың 3 бөлмелі пәтері болса, онда оның жалпы үйді меншіктенудегі үлесі 5%, ал егер 1 бөлмелі пәтері болса, онда 1 немесе 1,5% үлесі болмақ", - деп нақтылады Ғ. Оразбақов.

Министрдің ақпаратына сәйкес, қайта тіркеу шығындары шамамен 3 млрд теңгені құрамақ. "Біз бұл шығынды республикалық бюджет есебінен өтеуді ұсынамыз, өйткені, кезінде қайта тіркеу жұмыстары назардан тыс қалғанын мойындау керек ", - деді министр.

"Қандай жағдайда да бұл жұмысты бір жылда бітіру керек", - деп қорытты Ғ. Оразбақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны