25.09.2007, 12:08 1455

ҚР Индустрия және сауда министрлігі ПИК-тердің алдындағы міндеттемелерін орындамай отырған тұрғындарға қолданылатын әкімшілік жазаны пәтерді тәркілеп алуға дейін қатайтуды ұсынады

ҚР Индустрия және сауда министрлігі ПИК-тердің алдындағы міндеттемелерін орындамай отырған тұрғындарға қолданылатын әкімшілік жазаны пәтерді тәркілеп алуға дейін қатайтуды ұсынады.

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі ПИК-тердің алдындағы міндеттемелерін орындамай отырған тұрғындарға қолданылатын әкімшілік жазаны пәтерді тәркілеп алуға дейін қатайтуды ұсынады. Бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов осындай ұсыныс жасады.

"Тұрғын үй қатынастары туралы, табиғи монополиялар туралы және Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңдарға тез арада өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет", - деді Ғ. Оразбақов. Атап айтсақ, "тұрғын-үй коммуналдық қарым-қатынастарға қатысушылардың өз міндеттемелерін орындауға қатысты жауапкершілігін мейлінше күшейте түсу " бағытында түзетулер енгізу қажет деп санайды.

"Қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу арқылы бір жағынан Пәтер иелерінің кооперативтерінің жетекшілеріне төлемді төлемейтіндерге қатысты шағымдану жұмыстарын міндеттейтін, екінші жағынан міндетті орындамаған Пәтер иелерінің кооперативтерінің жетекшілеріне және төлемдерден жалтарған пәтер иелеріне айыппұл түрінде әкімшілік шара қолдануға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізу қажет", - деді ол. "Бұл ретте жалпыға ортақ мүліктің сақталуына қатысты өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда және айыппұлды төлемеген жағдайда соңғыларынан төлемді сотпен өндіртіп алу тетігін қолдануды, соған сәйкес мүлікті тұтқындау немесе оны әріқарай сату, тіпті пәтерді тәркілеп алуға дейін шара қолдану ұсынылып отыр", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны