18.06.2007, 17:04 2709

ҚР Индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау комитеті 2007 жылдың аяғына дейін тәуелсіз дербес орган болуға тиіс - мекеме басшысы

АСТАНА. 18 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау комитеті 2007 жылдың аяғына дейін тәуелсіз дербес орган болуға тиіс. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында комитет төрағасы Илиакпар Матишев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бәсекелестікті қорғау комитетін Индустрия және сауда министрлігінің құрамынан жылдың аяғына дейін бөлу және оны Бәсекелестікті қорғау агенттігі ретінде тәуелсіз дербес орган етіп шығару туралы саяси шешім қабылданған",- деді Илиакпар Матишев. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің тиісті хаттамасы да бар",- деп қосты ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны