26.09.2012, 18:29 3104

ҚР ИЖТМ бюджеттік ұйымдарда энергоменеджер лауазымын енгізуді ұсынды

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан "Жергілікті деңгейде энергоменеджмент жүйесін енгізу мүмкіндігі" тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында аталған министрлікке қарасты Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі басқармасының бастығы Илібек Қалыбай мәлім етті.

Астана. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бюджеттік ұйымдарда энергоменеджер лауазымын енгізуді ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан "Жергілікті деңгейде энергоменеджмент жүйесін енгізу мүмкіндігі" тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында аталған министрлікке қарасты Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі басқармасының бастығы Илібек Қалыбай мәлім етті.

"Тұрғын үй-коммуналдық сектор мен бюджеттік сектор энергия үнемдеуде зор әлеуетке ие. Қазақстан Үкіметі 2011 жылдың 30 қарашасында энергия үнемдеудің кешенді жоспарын қабылдады. Онда жергілікті жерлерде энергоменеджмент жүйесін енгізу бойынша кешенді іс-шаралар қамтылған. Илемдік тәжірибені есерсек, бұл өңірлерде энргия үнемдеудегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың шын мәніндегі тетігі болып табылады", - деді ол.

Сондықтан да оның пайымынша, бюджеттік ұйымдарда энергоменеджмент лауазымын штаттық кестеге енгізу керек. Ал олар өз кезігінде энергия үнемдеумен және ұсыныстар әзірлеумен айналысуы тиіс. Сонда ғана жергілікті жерлерде энергия үнемдеуді дамыту проблемасын шешуге болады.

Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында мамандар өңірлік энергоменеджменттің әлемдік тәжірибесін талқылап, энергия үнемдеуді басқарудың жүйелі шараларын ортаға салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны