18.12.2015, 20:29 4835

ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердіӊ зейнетақы төлемдерін қайта есептеу жүргізіледі

2016 жылдыӊ қаӊтарынан бастап ҚР Қарулы Күштерінде жеке зейнетақы шоттарындағы 50% жинақталымды қайтару жағдайында оларды толық көлемге келтіру есебімен 1 қаӊтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еӊбек өтілі үшін зейнетақы төлемдерін қайта есептеуді жүргізу жоспарлануда. Бұныӊ барлығы әскери қызметшілерді әрі қарай толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстыру үшін қажет

Астана. 18 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ қаӊтарынан бастап ҚР Қарулы Күштерінде жеке зейнетақы шоттарындағы 50% жинақталымды қайтару жағдайында оларды толық көлемге келтіру есебімен 1 қаӊтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еӊбек өтілі үшін зейнетақы төлемдерін қайта есептеуді жүргізу жоспарлануда. Бұныӊ барлығы әскери қызметшілерді әрі қарай толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстыру үшін қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығыныӊ мәліметтері бойынша 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарына дейін бюджеттік қаражат есебінен аударылған міндетті түрдегі зейнетақы жарналардыӊ сомасынан 50 пайызды қолданыстағы әскери қызметшілер мен 1998 жылғы 1 қаӊтардан кейін қызметке алғаш рет кірген және зейнетақы алуға құқығы бар 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарына дейін босатылған әскери қызметшілер қайтарады.

Зейнетақы жинақталымдарын қайта есептеу мен қайтаруды жүзеге асыру үшін Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабыныӊ құрылымдық бөлімшелерінде қайтарылуға жататын жарналар сомасын айқындау бойынша арнайы комиссия құру жоспарлануда.

Зейнетақы жинақталымдарын қайта есептеу және қайтару ҚР Үкіметініӊ 2015 жылғы 24 қарашадағы №940 және 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №974 қаулыларына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілерін толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға көшіру 2030 жылға дейін ҚР зейнетақы жүйесін әрі қарай жаӊғырту тұжырымдамасы шеӊберінде көзделгенін айта кетейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны