19.01.2016, 19:55 4088

ҚР Қарулы Күштерінде иттерге арналған арнайы даярлық өтуде

Қазақстанныӊ Қарулы Күштеріндегі инженерлік әскерлердіӊ орны ерекше. Қазіргі кезде ҚР ҚК Құрлық әскерлері бөлімдері мен бөлімшелері инженерлік қызмет бастықтарыныӊ курстық даярлығы басталды

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Қарулы Күштеріндегі инженерлік әскерлердіӊ орны ерекше. Қазіргі кезде ҚР ҚК Құрлық әскерлері бөлімдері мен бөлімшелері инженерлік қызмет бастықтарыныӊ курстық даярлығы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Соғыс уақытында инженерлер ұрысты үздіксіз жүргізу үшін әскерлерді барлық қажеттімен қамтамасыз етеді (көпірлер мен орлар қазады, алаӊдарды минасыздандырады, жолдарды төсейді және т.б.). Бейбіт уақытта әртүрлі техникамен жұмыс жасау дағдысын шыӊдайды, қару-жарақтыӊ жаӊа түрлерін зерделейді, қажет болған жағдайда табылған жауынгерлік снарядтарды жою, минасыздандыру жөніндегі жұмысты орындайды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Кинолог мамандарды даярлау айрықша орынға ие. "Біздіӊ уақытта жаяу әскерді шыдамды құлтемірлермен, авиацияны жаӊылыспайтын ұшқышсыздармен, ал барлаушыларды ғарыштық жерсеріктердіӊ қырағы көз жанарымен алмастыруға болады. Бірақ, төрт аяқты саперлер қазір де болашақта да жұмыссыз қалмас", - деп әскери қызметшілер атап өтті.

Бүгінгі күні 58012 әскери бөлімінде бельгиялық овчарка, лабрадор және неміс овчаркасы бар. Жаттықтыру және үйрету осы иттерге бекітілген штаттан тыс кинологтармен өткізіледі. Күн сайын осы иттерді жаттықтыру кедергілер жолағында өткізіледі. Иттер тұрғын емес құрылыстар мен техникада оқу елестеткіштерін (жарылғыш заттарды) іздестіруді пысықтайды. Сонымен қатар иттер әртүрлі байқауларға қатысқан және марапаттары да жоқ емес.

Практика көрсеткендей, ұрыс алаӊында иттерді еӊ дамыған жоғары технология да алмастыра алмайды. Олар жарылғыш заттарды, есірткі және жоғалып кеткен сарбаздарды тауып қана қоймай, науқастар мен жараланғандарға қалпына келуге көмектесе отырып, тылда еӊбек етуге қабілетті.

ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ инженерлік қызметіне арналған мина-іздестіру иттерін даярлау 2014 жылы басталғанын естеріӊізге сала кетейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны