25.08.2015, 12:57 3776

ҚР Қарулы Күштерінде өткен "Ата Заӊға адалмыз" патриоттық акциясы мәресіне жетті

ҚР Консититуциясыныӊ 20 жылдығына арналған "Ата заӊға адалмыз" атты патриоттық акциясы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері қолбасшылығыныӊ барлық өӊірінде өтті

Астана. 25 Тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Консититуциясыныӊ 20 жылдығына арналған "Ата заӊға адалмыз" атты патриоттық акциясы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері қолбасшылығыныӊ барлық өӊірінде өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған іс-шара бойынша акцияныӊ соӊғы нүктесі Өскемен гарнизоны болды. Металлургтар алаӊында ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Майкеевтіӊ атынан әскери қызметшілерге алғыс хаттары табыс етілді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Үздік отбасы" аталымы 27943 әскери бөлімі штабтық батальон командирініӊ тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша орынбасары капитан Асхат Жиенбаевқа табыс етілді. "Үздік взвод командирі" - лейтанант Серікжан Бимурзин, ал "Үздік батальон сержант" - 3-сыныпты сержант Нұрлан Қорабаев, сондай-ақ "Үздік медбике" - кіші сержант Анна Голованова, "Үздік оқытушы" - запастағы подполковник Владимир Зуев наградталды. Сонымен қатар 2015 жылы Лос-Анджелесте өткен Арнайы олимпиадалық ойындардыӊ жеӊімпазы Диас Мұратұлы марапатталды.

"Ата заӊға адалмыз" акциясыныӊ мақсаты - Қарулы Күштердіӊ әскери қызметшілерініӊ, жауынгерлердіӊ жоғарғы патриоттық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін, Конституцияныӊ арқасында мемлекетіміздіӊ қол жеткізген жетістіктерін көрсету. Халқымыздыӊ және Қарулы Күштердіӊ қаншалықты қуатты болғанын көрсету", - деді ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысыныӊ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов.

Бұдан өзге, қамтамасыз ету ротасыныӊ командирі аға лейтенант Аманжол Дүйсеновке кезекті "капитан" әскери атағы берілді.

"Ата заӊға адалмыз" атты акциясыныӊ ауыспалы жалаушасын Астанадағы ҚР ҚК ҚИ Бас қолбасшысыныӊ мұражайына табыс етті.

Естеріӊізге сала кетсек, "Ата заӊға адалмыз" атты акциясы биыл бірінші рет өткізіліп отыр. Акцияны Қарағанды, Ақтау, Шымкент және Өскемен қалалары қарсы алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны