12.06.2015, 11:30 3191

ҚР Қарулы Күштерінде ТМД елдерініӊ І-әскери-спорттық ойындарына арналған үздік әскери қызметшілерді іріктеуде

Искер тектерініӊ, өӊірлік қолбасшылықтар мен Қазақстанныӊ әскери оқу орындарыныӊ шамамен 100 әскери қызметшісі спорттыӊ алты түрі бойынша үздік атақ үшін сайысқа түсуде. Оныӊ қорытындысы бойынша әскерилендірілген көпсайыста, офицерлік үшсайыста, табельдік қарудан атуда, армиялық қоян-қолтық ұрыста және командирлер жарысы мен гір екісайысында еӊ мықты армиялық спортшылар анықталатын болады

Астана. 12 Маусым. Kazakhstan Today - Искер тектерініӊ, өӊірлік қолбасшылықтар мен Қазақстанныӊ әскери оқу орындарыныӊ шамамен 100 әскери қызметшісі спорттыӊ алты түрі бойынша үздік атақ үшін сайысқа түсуде. Оныӊ қорытындысы бойынша әскерилендірілген көпсайыста, офицерлік үшсайыста, табельдік қарудан атуда, армиялық қоян-қолтық ұрыста және командирлер жарысы мен гір екісайысында еӊ мықты армиялық спортшылар анықталатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сайыс Алматыда Құрлық әскерлері Искери институтыныӊ базасында өтіп жатыр. Қатысушылар барынша тырысып бағуда, себебі, жеӊімпаздарды ерекше мәртебе, яғни Қазақстан Қарулы Күштерін ТМД қатысушы мемлекеттер достастық армиясыныӊ алғашқы әскери-спорттық ойындарында таныту мүмкіндігі беріледі. Халықаралық жарыс ағымдағы жылғы шілденіӊ 24-і мен тамыздыӊ 5-і аралығында Мәскеуде өтеді.

Бұдан бұрын 70-ші Бас ассамблея және Кувейттегі армиялық спорттыӊ бүкіләлемдік кеӊесі конгресінде ресей тарапымен келіссөздер жүргізу барысында ҚР ҚМ АОСК өкілдері біздіӊ 70 армиялық спортшыныӊ жарысқа қатысатыны туралы ниет білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны