20.02.2015, 22:05 4091

ҚР Қарулы Күштерінде ұшу дайындығы үдемелі өсуде

2015 жылдыӊ 20-21 ақпан күндері Астанада Қазақстан Республикасыныӊ мемлкеттік авиациясында ұшулар қауіпсіздігі бойынша конференция өтуде

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 20-21 ақпан күндері Астанада Қазақстан Республикасыныӊ мемлкеттік авиациясында ұшулар қауіпсіздігі бойынша конференция өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жыл сайын біз ұшулар қауіпсіздігі бойынша конференция өткізіп келеміз. Өйткені бұл Қарулы Күштер қызметініӊ маӊызды бағыттарыныӊ бірі саналады. Жылдан-жылға мемлекеттік авиацияныӊ әлеуеті мен мүмкіндіктері өсіп келеді. Жаӊа техника, құрал-жабдықтар алынып, әуе ұшқыштары мен инженер мамандарын дайындау жүргізілуде. Ұшқыштар құрамыныӊ денсаулығы мен өмірін сақтау, авициялық техниканы ұқыпты қолдану маӊызды мәселе" - деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрініӊ орынбасары - ҚР ҚК Бас штабыныӊ бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Соӊғы жылдары Қарулы Күштерде жауынгерлік даярлықтыӊ, соныӊ ішінде жазғы даярлық біртұтас қарқынды өскенін атап өтті. Мемлекеттік авиациядағы атқарылатын міндеттердіӊ күрделілігі мен саны еселеп өсті, осы себептен ұшу қауіпсіздігі мәселесіне жіті көӊіл бөлу қажет, ал авиациялық апаттарды тоқтату бойынша шаралар жоғарғы деӊгейде және кеӊ ауқымда жүзеге асуы тиіс.

Айта кетейік, Қазақстанныӊ мемлекеттік авиациясы Қарулы Күштердіӊ, ҰҚК Шекара қызметініӊ, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясыныӊ авиациялық қызметін біріктіреді және біздіӊ еліміздіӊ қорғану мүмкіндіктері мен ұлттық қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету жүйесіндегі жоғарғы технологиялық, ұрыс даярлығы, жұмылдыру аумағыныӊ бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік авиациялық ұшулардыӊ қауіпсіздігін бақылау жөніндегі бас басқарманыӊ бастығы полковник Мұрат Қажымұратов конференицяға қатысушыларға 2014 жылы орын алған авациялық апаттардыӊ негізгі себептерін жеткізді, авациялық апаттарды, басқару тәуекелдерін тоқтатудыӊ тиімді механизмдерін енгізу және ұшулар қауіпсіздігі мәдениетініӊ деӊгейін көтеру, қауіпті факторларды анықтау және тарату бойынша ұсыныс енгізілді.

2015-2018 жылдары мемлекеттік авиациялардыӊ апаттық жағдайларын азайтуға, әскери ұшқыш мамандығыныӊ беделін арттыруға және тұтастай әскери авиациялық жүйеніӊ сенімді қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Мемлекеттік авиацияныӊ ұшу қауіпсіздігі жөніндегі конференция жұмысына ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ, ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ, ҚР Ұлттық гвардияныӊ басшылық құрамы, авиациялық бөлімдер басшылығы, сондай-ақ Бас әскери прокуратурасыныӊ, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетініӊ, "Қазақстан Инженеринг ҰК" АҚ, "Авиациялық оқу орталығы" ЖШС, "Казавиаспас" АҚ, "Казаэронавигация" РМК, және "405 Авиациялық жөндеу зауыты" АҚ өкілдері қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны