14.07.2015, 18:39 3566

ҚР Қарулы Күштерінен "Достастық жауынгері" байқауына қатысуға үміткерлерге үш есе сынақ жасады

Бүгін "Достастық жауынгері" халықаралық байқауына қатысушыларды іріктеудіӊ екінші және барынша маӊызды күні болмақ. ҚР ҚК 82 әскери қызметшісі (оныӊ ішінде 58 ер азамат және 24 қыз-келіншек) кәсіби шеберліктері, жауынгерлік және дене даярлығы бойынша сайысқа түседі

Астана. 14 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін "Достастық жауынгері" халықаралық байқауына қатысушыларды іріктеудіӊ екінші және барынша маӊызды күні болмақ. ҚР ҚК 82 әскери қызметшісі (оныӊ ішінде 58 ер азамат және 24 қыз-келіншек) кәсіби шеберліктері, жауынгерлік және дене даярлығы бойынша сайысқа түседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Кәсіпқой", "Атлет", "Мерген" атты үш негізгі кезеӊ - бұл нағыз сынақтардыӊ топтамасы. Қатысушылар АРД кедергі жолақтарынан өтеді, жалпы әскери қорғаныс жинағын игеріп, суық қаруды лақтыру мен атыс бойынша жаттығуды орындайтын болады. Сонымен қатар дене даярлығы сынға түседі. Ер-азаматтар үшін - белтемірде күштік жаттығуларды орындау, 100 және 3 000 метрге жүгіру, ал қыз-келіншектер үшін - кешенді күштік жаттығулар, 100 және 1 000 метрге жүгіру, сондай-ақ Ф-1 гранатасын дәлдікке лақтыру және бірыӊғай кедергілер жолағында жалпы бақылау жаттығуы орындалады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Соӊында - оқ ату даярлығы (АК-74 автоматымен жұмыс істей білу, атыстыӊ түрлі жағдайларында оқ-дәрілерді, аз уақытты шығындай отырып жауынгерлік мүмкіндіктерді пайдалану).

"Біздіӊ әрбіріміз алдағы айтулы байқауға қатысушылар арасынан табылғымыз келеді. Мен барымды салып, көшбасшылар қатарынан көрінгім келеді. Іріктеу кезеӊі айтарлықтай күрделі, дегенмен маған оныӊ көпжақтылығы ұнайды. Бұл жерде біз өзіміздіӊ кәсіби дағдыларымыз бен жауынгерлік даярлығымызды көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге дене даярлығын, білімімізді және тіпті шығармашылық мүмкіндіктерімізді де көрсете аламыз", - деді қатысушылардыӊ бірі, "Астана" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 46298 әскери бөлімі өткізу пунктініӊ кезекшісі аға сержант Толқын Бәкіжанова.

Қатысушылар еліміздіӊ түрлі өӊірлерінен "Отар" 40-шы әскери базасына келді. Олар өӊірлік қолбасшылықтардыӊ, ҚР ҚК түрлері мен тектерініӊ, Қорғаныс министрлігі және ҚР ҚК Бас штабы құрылымдық бөлімшелерініӊ, әскери институттардыӊ және ҚР ҚМ Кадет корпусыныӊ атынан қатысады.

Іріктеу кезеӊінде 82 үміткердіӊ ішінен Қазақстан Қарулы Күштерініӊ атынан халықаралық байқауға қатысатын топқа тек алты әскери қызметші ер азамат және екі қыз-келіншек іріктеліп алынады. Олар бір ай бойы тәжірибелі нұсқаушылардыӊ басшылығымен күшейтілген даярлықтан өтіп, содан кейін "Достастық жауынгері" халықаралық байқауында еліміздіӊ намысын қорғайтын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны