05.04.2016, 15:57 4090

ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері ғимаратқа шабуыл жасады

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығында 41433 әскери бөлімініӊ әскери қызметшілері "Ғимаратқа шабуыл жасау және оны тазарту кезіндегі взвод" тақырыбында взводтық-тактикалық арнайы көрсетілімді оқу-жаттығу өткізді

Астана. 5 сәуір. Kazakhstan Today - "Батыс" өӊірлік қолбасшылығында 41433 әскери бөлімініӊ әскери қызметшілері "Ғимаратқа шабуыл жасау және оны тазарту кезіндегі взвод" тақырыбында взводтық-тактикалық арнайы көрсетілімді оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ғимаратқа шабуыл жасау кезінде жеке құрам қойылған тапсырманы орындай отырып, шартты заӊсыз қаруланған құралымды жойды. Аӊыз бойынша заӊсыз қаруланан құралым Алғабас елді мекенініӊ екі қабатты ғимаратында орналасты. Искери қызметшілер объектіге дейін орналасу орнынан марш жасады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Барлық жауынгерлер ғимараттыӊ айналасында өздерініӊ бекіністеріне орнықты, атыс бөлімшесі шабуылдау бөлімшесініӊ қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Белгі алынғаннан кейін шабуылдау басталды. Искери қызметшілер бірінші және екінші қабатты тазартып, заӊсыз қаруланған құралымды жойды. Шартты қарсылас ретінде пейнтбол клубыныӊ жауынгерлері шықты. Бөлім әскери қызметшілерініӊ айтуынша, мұндай оқу-жаттығулар олардыӊ жауынгерлік даярлығы мен оларға берілген тапсырмаларды сәтті орындау шеберлігін арттырады.

Одан басқа, "Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскери қызметшілері ҚР Құрлық әскерлеріндегі 2016 оқу жылыныӊ бірінші тоқсанын алғашқы болып қорытындылағандардыӊ бірі болды. Атыс даярлығыныӊ нәтижелері бойынша әскери бөлім командирлері арасында нысанаға дөп тигізіп, 97 ұпай жинаған 25744 әскери бөлімініӊ командирі полковник Сабыр Каюмов ерекшеленді. Дене даярлығы бойынша 30238 әскери бөлімініӊ командирі подполковник Дәулет Қашқымбеков жақсы жағынан көрінсе, сержанттар құрамы арасында 1-сыныпты сержант Беглан Бейсалиев жауынгерлік және дене даярлығыныӊ үздігі атанды. Қорытындысы бойынша 1-орынды 30238 әскери бөлімі, 2-орынды 25744 әскери бөлімі және үшінші орынды 41321 әскери бөлімі еншіледі. Қамтамасыз ету бөлімдері арасында 86717 әскери бөлімі жақсы жағынан атап өтілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны