09.09.2015, 11:22 3924

ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери полициясы органдарында әскери міндеттілермен әскери жиын басталды

Қарағанды гарнизоныныӊ әскери полициясы бөлімінде алғаш рет Қазақстан Республикасыныӊ әскери міндетті азаматтарымен жиын басталды. Жиын 23 қыркүйекке дейін созылады, оған 31 мен 37 жас аралығындағы 70 адам қатысады

Астана. 9 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағанды гарнизоныныӊ әскери полициясы бөлімінде алғаш рет Қазақстан Республикасыныӊ әскери міндетті азаматтарымен жиын басталды. Жиын 23 қыркүйекке дейін созылады, оған 31 мен 37 жас аралығындағы 70 адам қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Искери міндеттілер жауынгерлік даярлық пен әскери іс негіздерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде әскери полиция органдарыныӊ қызметі мен міндеттерін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді зерделейді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жиын аяқталысымен әскери міндеттілер әскери есепке алу мамандықтары мен лауазымдарға сәйкес келуіне жиынныӊ оқу бағдарламасын меӊгергенін растау үшін емтихан және сынақ тапсырады. Резерв бағдарламасын сәтті аяқтағандарға кезекті әскери атақ беріліп, грамоталар табыс етіледі.

Қарағанды облысына қарасты "Спасск" оқу-жаттығу орталығындағы әскери міндеттілер жиыныныӊ өту барысын ҚР ҚК Искери полициясы бас басқармасыныӊ бастығы генерал-майор Тимур Дәндібаев бақылап отырды.

Искери жиынныӊ негізгі мақсаты әскери бөлімдердіӊ жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру, Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын өрістету үшін қажет қорда әскери-оқытылған ресурстарды дайындау және жинақтау болып табылатынын айта кетейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны